Accessibility links

Қырғыз үкіметінің шенеуніктері хұқық қорғаушы Тұрсынбек Ақұновтың жоғалып-табылуына ешқандай қатысымыз жоқ деп мәлімдеуде


Қырғызстандағы адам хұқтары тобының жетекшісі, қазір Бішкекте ауруханада жатқан Тұрсынбек Ақұнов Азаттық радиосына өзін Қырғыз қауіпсізідік қызметкерлері 16 қарашадан бері ұстап отырғандығын айтқан. Ол президент Асқар Ақаевтың қызметінен кетуін талап еткен науқанды ұйымдастырған болатын. Алайда Қырғыз ұлттық қауіпсіздік агенттігі басшысының орынбасары Токон Мамытов қауіпсзідік қымзеткерлерінің құқық қорғаушының жоғалып-табылуына қатысы жоқ, бұл саяси ойын дегенді айтқан. Қырғыз İшкі істер министрінің өкілі Жолдошбек Бұсұрманқұлов Ақұнов төңірегіндегі оқиға жайында өзінің күдіктенетіндігін айтқан. Хұқық қорғаушы басым қатты ауыратын болды жане әлде бір газбен уланған сияқтымын деген, алайда оның денсаулығын тексерген дәрігерлер Ақұновта ондай белгілер байқалмайды, денсаулығы қалыпты дегенді айтқан.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG