Accessibility links

Солтүстік атлантикалық одақ Босния мен Герцоговинадағы бейбітшілікті сақтау қызметін аяқтады


Ол бұл жауапкершілікті Европа одағының күштеріне өткізді. Европа күштерінің де міндеті мен қызметі тура сондай болады және әскер саны да шамамен 7 мыңдай. Осы оқиғаға арналған Сараеводағы бүгінгі салтанатта НАТО одағының бас хатшысы Яап де Хуп Схеффер бұған тарихи жағдай деген баға берді: -Бүгін НАТО өзінің Босния мен Герцоговинада тұрақтылық орнату қызметін аяқтап, бұл жауапкершілікті Европа одағына жүктеді. Бұл шындығында тарихи оқиға,- деген ол. Американың бірнеше жүз әскері ғана Боснияда НАТО штабында қалады. АҚШ-ң Боснияда бейбітшілікті қамтамасыз ету миссиясы да өткен аптада аяқталған болатын.

AzattyqTV

Маңғыстау мұнайшысы

Жамбыл Бойбоздың пікірі

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG