Accessibility links

Украинаның Жоғарғы соты даулы президенттік сайлау турасында талқылауларды төртінші күн бойына жалғастырды


Енді 21 қарашада өткізілген президенттік сайлауда жеңімпаз деп танылған премьер-министр Виктор Янукович те, оппозиция үміткері Ющенко сияқты ол сайлаудың нәтижелері бұрмаланды, қолдан жасалды дегенді айтып отыр. Орнынан кетіп бара жатқан президент Лоенид Кучма сәрсенбі күні бәсекелестердің екеуі де Жоғарғы соттың шешіміне тоқтайтын боламыз деген мәмлеге келісті деген-ді. Ендігі жерде президенттік сайлаудың екінші кезеңінің нәтижелері қайта қарала ма, болмаса жаңадан дауыс беру өткізіле ме, ол жағы әзір белгісіз. Сәрснбі күні өз жақтастарын көшелердегі наразылық шерулерін жалғастыра беруді сұраған Ющенко дегенмен де, үкіметтік ғимаратты қоршаудан босатуға келіскен. Бүгін де Ющенко қолдаушыларының үкіметтік үйдің маңында тұрғандары байқалған бірақ олардың шенеуніктерді өз жұмыс орындарына жіберген жібермегендері белгісіз.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG