Accessibility links

Израил бас министрі Ариел Шаронның айтуынша, абақтыда отырған интифада жетекшісі Марван Барғути түрмеде отырып Палестина президенттігіне күресуі мүмкін


Израил абақтысында мерзімін өтеп жатқан Барғути сәрсенбі күннен бастап марқум Ясер Арафаттың орнына Палестин елбасы болу науқанына қосылды. Бірақ осыдан сәл алдын ол президенттік бәсекеге түспейтіндігін жариялаған болатын. Ал Палестиналық Фатах қозғалысы Барғутидың күтпеген жаңа шешіміне таң қалса, Мысыр президенті оның бұл әрекеті Палестин халқын жікке бөледі, деп сынаған.

Жетекші қозғалыс Фатах президенттікке үміткер ретінде Палестина Азаттық ұйымы жетекшісі Махмуд Аббасты ұсынып отыр. Бірақ Исламшыл Жихад пен Хамас тобы өз қолдаушыларын болашақ сайлауларда қатыспауға шақырған.
XS
SM
MD
LG