Accessibility links

Ирақтағы сунни мұсылмандары Ирақта алдағы қаңтарға жоспарланған сайлауларды кейінірек мерзімге қалдыруға шақырып отыр


Ал-Анбар уалаятынан Дулайми тайпасының басшысы, Шейх Мажид Абдұлразақ ал-Сулейменнің бейсенбі күні айтуынша, бұл өтінішті тайпа жетекшілері өтпелі кезең бас министрі Айад Аллауиге жолдаған. Бірақ АҚШ президенті Буш ол сайлау белгіленген уақытта өтуі керек дейді. -Мен Ирақ халқының өз жетекшілері үшін дауыс беретін кезі болды деп есептеймін, - деген президент Буш.

Бұл арада бейсенбі күні солтүстіктегі Мосул қаласында бүлікшілдер біріккен АҚШ-Ирақ күзетшілеріне шабуыл жасап, бір американдық сарбазды өлтіріп, екі ирақ азаматын жаралаған. Орталық Бағдадта бір неше снаряд жарылып, бір кісі қаза тапқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG