Accessibility links

Парлaмeнттің алғашқы күнгі мәжілісінде Өзбекстан президенті İслам Каримов алдағы парламенттік сайлаудың еркін және әділ өткізуге шақырды


Сондай-ақ Каримов абақтыда отырған 5040 адамға рақымдылық жариялады. Өзбекстан президентінің айтуынша, желтоқсанның 26сы күні өтетін парламенттік сайлаулар халықаралық бақылаушылардың қатысуымен өткізілуі қажет. Дегенмен оппозициядағы партияладан ешқайсысы бұл сайлауға қатысуға мүмкіндік алалмай отыр. Украинадағы дау-дамайлы президенттік сайлауға байланысты президент Каримов оған араласып отырған Ресейді де, Батыс елдерін де сынады. -Украинадағы бұл жағдай жөнінде әңгіме көп. Шеттен екі тарапты арандатушылар да бар. Бір маліметке қарағанда бұл АҚШ мемлекеттік департаментінің ойыны. Екінші бұлаққа қарағанда, бұл істе ЕуроОдақтың қолы бар. Келесі біреулер Ресей араласып бүлдіріп отыр дейді. Бірақ менің пікірімше, Украинадағы бұл саяси тартысқа негізінен халықтың үкіметке наразылығы себепші. 2-ден, бұл қазіргі президент Кучманың жіберген тактикалық, стратегиялық қателерінің салдары, - дейді Өзбекстан президенті Каримов.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG