Accessibility links

Қазақстан студенттері Білім және ғылым министрі Жақсылық Құлекеевтің отставкаға кетуін талап етпекші

  • Әселім ҚАЛКЕНҚЫЗЫ

Қазақстан студенттері оқуақысын көтеру мәселесіне тоқтау қойылса да министр Құлекеевтің отставкаға кетуін талап етеміз дейді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Білім және ғылым министрі Жақсылық Құлекеевке сөгіс жарияласымен, іле-шалаҮкімет басшысы Даниал Ахметов білім және ғылым вице- министрі Айман Әбдіқадырованы жедел түрде отставкаға жіберді. Осыған байланысты желтоқсанның 3-і күні Білім және ғылым минисрлігі таратқан хабарға сәйкес, аталған министрліктің қаржы орталығына 2000-2005 жылдарда оқыту құнын арттыруды көздейтін үшжақты кредиттік келісімдерге қосымша жасалған келісімдердің күшін жойғаны туралы хабардар ету жөніндегі № 992-і бұйрығы шықты.

Еуразия университетінің 3-і курс студенті Махамбет Әбжан біз толық жеңіске жеткен жоқпыз дейді.

-Біз жартылай ғана жеңіске жеттік. Себебі министр Құлекеев Президенттен сөгіс алғанымен, бізге оның отставкаға кеткені керек. Өйткені қыркүйек айында министр оқу бағасын көтеремін деп дүрліктірді.Енді кредитке оқитындардың оқуақысын жоғарлатамын деді. Ертең ол грантпен оқитындарға да тиісуі мүмкін. Сол себепті бізге антихалықшыл министр керек емес.

Парламент мәжілісінң депутаты Сергей Кисилевтің айтуынша Білім және ғылым министрлігінің қаржы орталығының қателігінен бюджетке 2 де 4 млрд теңге түспей қалған.

-Аталмыш минитсрлік осы қаржыны жабу үшін студенттердің оқуақысын көтермекші болған. Яғни шенеуніктер заңды бұза отырып, өз қателіктерін студенттердің иығына артып қоймақшы болды. Мұндай жағдайда министр отставкаға кетуі тиіс дейді депутат Кисeлев.

Ал Мәжіліс депутаты Ерасыл Әбілқасымовтың пікірінше білім саласын реформалаудағы министр Құлекеевтің оқуақысын көтеру туралы шешімі дұрыс. -Біз бұл мәселені әбден талқылағанбыз. Бұл жерде білім саласын дамытуда біз дүниежүзілік тәжірибеден қалмауымыз керек. Ал жастарды дүрліктірудің қажеті жоқ. Ертең ол Грузиядағы жағдай сияқты болуы мүмкін. Жастар көп нәрсені түсіне бермейді. Бізге тыныштық керек. Саясаттанушы Жұмабай Доспанов: Айран ішкен құтылып,шелек жалаған тұтылады демекші Қазақстан басшысы Назарбаевтың білім және ғылым министрі Құлекеевке сөгіс жариялауында саяси астар жатыр,ал отставкаға кеткен вице министр Айман Әбдіқадырова осы мәселеге кінәлі деп танылып отыр- дейді.

-Бұл жерде саяси астар бар. Мемлект басшысының министрге сөгіс жариялап ғана қойғаны күлкілі жағдай. Украинада көтерліпі жатқан жастар, Алматыдағы желтоқсан оқиғасында көтерлііс жасаған жастар, соның бәрін көріп-білген соң Президент осындай амалсыз шешімге келді. Ол әзірге жастардың толқуын баса тұру үшін жасады. Ал вице-министр Әбдіқадырова бостан-босқа орынны айырылды. Негізі Құлекеевтің отставкаға кеткені дұрыс.

Еуразия университетінің студенті Махамбет Әбжанның айтуынша, желтоқсанның 4-і күні Студент қауымы Білім және ғылым министрі Жақсылық Құлекеевтің орнынан кетуін талап ететін наразылық акциясын өткізуді жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG