Accessibility links

Ирақта болған екі жарылыс салдарынан ең кемінде 26 адам қаза тапқан


Бағдадтың солтүстігіндегі шиит мұсылмандарының мешітінде машинаға қойылған бомбамен өзін-өзі жарған жанкештінің әрекетінен 14 адам мерт болып, тағы 19 адам жараланған. Келесі бір шабуыл Бағдадтың оңтүстік батысындағы полиция бөліміне жасалып, 12 полиция қаза тауып, түрмеде отырған 50 адам босатылған. Кейінірек Ислам вебсайтының бірінде Әл-қаидамен байланысы бар Әбу Мұсаб әл-Зарқауидың тобы бұл шабуылдарға жауапты деген хабарлар жарияланды. Алайда оның қаншалықты шындыққа жанасатындығы анық емес.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG