Accessibility links

Украина Жоғарғы сотының елде саяси дағдарыс туғызған президент сайлауы турасындағы шешімі белгілі болуы тиіс


Бес күн бойына осы маселені қарап, талқылап жатқан Жоғарғы соттың шешімін күткен жүздеген оппозиция қолдаушылары сот үйі жанында жиналып тұр. Оппозциялық үміткер Ющенко 21 қарашада өткізілген сайлауда жеңісті премер-министр Януковичке қолдан алып беру үшін көп бұрмалаушылақтар жасалды деп мәлімдегендігі белгілі. Жоғарғы сот сайлау нәтижесіне толықтай әсер ете алмаса да, оның дауға себепкер болған Орталық сайлау комиссиясы жариялаған қорытындысы жарамды немесе жарамсыз деген шешім шығара алады. Украинада президенттік сайлаудың екінші кезеңі пікірталас тудырғаннан бері күн сайын оппозиция қолдаушылары Киевтің орталық алаңында шерулерін жалғастыруда. Ющенко президенттік сайлауда дауыс берудің екінші кезеңі қайта өткізілсін деп талап етіп отыр, ал орнынан кетуі тиіс президент Кучма сайлаудың толықтай жаңадан өткізілуін қалайтындығын айтқан. Ал бұл аралықта Ресей мемлекттік Думасы Европа одағын, Европа парламентінін және Европадағы қауіпсзідік пен ынтымақтастық ұйымын Украинадағы толқулардың қозғаушысы болып отыр деп айыптаған шешім қабылдады.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG