Accessibility links

Қазақстанның Отаншыл жастар одағының мүшелері Құлекеев орнынан кетсін деп отыр

  • Әселім ҚАЛКЕНҚЫЗЫ

Қазақстанның Отаншыл жастар одағының мүшелерінен құрылған "Құлекеев орнынан кетсін", немесе ҚОК комитеті мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына хат жолдап, білім және ғылым министрі Жақсылық Құлекеевті отставкаға кетіруін сұрамақшы.

Бұл жайында Отаншыл жастар одағы орталығының бірінші хатшысы Махамбет Әбжан хабарлады: -Президент Назарбаевтың министрге аяқ асты сөгіс жариялауы, ол біздің толқуымыздан шошыды. Қазір Қазақгейт мәселесі де өршіп тұр. Сонымен қатар Грузиядағы, Украинадағы мысалдар Қазақстанда болып қала ма деген Президентте үрей бар. Біз құрған ҚОК комиетінің мақсаты министр Құлекеевті орнынан кетіру. Аталған комитет Президенттің атына хат жолдап Жақсылық Құлекеевті отставкаға кетіруін сұрамақшымыз. Махамбет Әбжанның айтуынша министр Жақсылық Құлекеевті орнынан кетіруге талап қойып отырған жастар саны қазір сегіз мыңға жетіп қалды. -Бізді Ақ жол партиясының Жастар қанаты, ҚДТХ партиясының жастары жаңадан құрылған коммунист жастар, студенттер қоғамы қолдап отыр. Еуразия ұлттық университеті филология факультетінің несие бөлімінде оқитын студент Қарлығаш Өтепбергенова мемлекттік білім берудегі несие көлемін жоғарлату туралы минитсрліктің шешімі күшін жойғаннан кейін, министрдің орынан кетуін талап етудің қажеті жоқ дегенді айтады. Әрине минитсрліктің шешімі шыққанда біз мұғалімдердің қысымымен үшжақты қосымша келісімге қол қойдық Кейін ол шешім күшін жойды ғой. Ал енді министрдің отставкаға кетуін талап теутдің қажеті жоқ. Ол білім сапасын дүниежүзілік деңгейге көтеру үшін керек адам. Ал жақсы экономист. Бұрын ақысыз білім болды ғой. Қазіргі заманда білім ақылы болса, сапалы болады деп ойлаймын. Ұрпақ тағдыры-Білім қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерсайын Ерғожа ҚОК комитетінің бұл мақсатын қолдаймын дейді. Мен ол жастарды қолдаймын. Өйткені министр Құлекеев білім саласына келгеннен бері пайдасынан зияны көп болды. Ондай министр отставкаға кетуі тиіс. Егер қажет болса мен жастарға көмегімді де аямаймын. Ал Парламент Мәжілісінің депутаты Амангелді Айталының пікіріне тоқталсақ: -Мүмкін Құлекеев бір қателескен шығар. Ол үшін министрдің отставкаға кетуін талап ету дұрыс емес. Бүгінде Қазақстанның Отаншыл жастар одағының республика бойынша жеті мың мүшесі бар.
XS
SM
MD
LG