Accessibility links

Алматыда Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияда II-ші Халықаралық жас пианистер байқауы басталды


Желтоқсанның 5-інен бастап Алматыда 2-ші халықаралық жас пианистер байқауы өтіуде. Желтоқсанның 9-ына дейін жалғасатын аталмыш байқауда Ресей, Татарстаннан, Өзбекстаннан және Қазақстаннан барлығы 50 конкурсант қатысып отыр. Құрамы Франция мен Ресейден, Татарстан мен Қазақстаннан келген атақты пианистерден тұратын әділ қазылар алқасы, байқаудың бірінші күнінің өзінде - ақ жас пианистердің деңгейінің жоғары екендігін атап өтуде.

Алматыдағы Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның 60 жалдығы қарсаңында, осы өнер ордасында 2-ші халықаралық жас пианистер байқауы өткізіп отыр. Байқауға 18-жасқа дейінгі 19 , ал 18 жастан 22 жасқа дейінгі 31, барлығы 50 жас пианист қатысып отыр. Ресей, Татарстан, Өзбекстан мен Қазақстаннан жиналған жастар, бірінші турда бірінен соң бірін 4 түрлі пьесса орындап беруі қажет. Содан кейін, бағы жанғандар екінші кезеңге жолдама алатын болады. Құрамында Франциядан, Татарстаннан, Ресейден және Қазақстаннан келген әділ қазылар алқасы, бірінші күннің өзінде қатысушылардың деңгейінің жаман еместігін атап өтуде. Соның ішінде Татарстаннан келген Рубин Абдуллин өз ойын төмендегідей жеткізді.

- Менің ойымша, байқаудың кәсіби деңгейі өте жоғары. Бұл тек қана Қазақстандағы пианистер мектебінің жақсы дамығанын көрсетіп қана қоймайды. Сонымен қатар, бұл байқауға қызығушылардың да артып отырғандығын көрсетіп отыр. Рубин Абдулин әңгіме барысында бұл Алматыға бірінші кеуі екендігін айтып өтті. - Қаланың өзі қонақжай екен. Сонымен бірге, көрермендер, қатысушылардың әр жетістігіне қуанып, қатесіне уайымдап отырғаны сезіліп отыр. Ал Франциядан келген қонақ Эрве Бийо болса қатысушылар турасындағы пікірін былай білдірді.

- Бір нәрсені ашып айту қиын, себебі таңертеңнен бастап тек 4-ақ пианистерді тыңдап үлгердік. Дегенмен, техникалық деңгейі өте жоғары екендігі байқалып отыр. Қатысушылар өз репертуарларында қиын пьессалар ойнап, тіпті мен үшін де өте қызықы нәрселерді сахнаға шығарып жатыр.

Үлкендер тобында алғашқыларды бірі болып сахнаға Малика Мерзасалиева шықты. Сахнадан түскен Малика, өз орындағаны қатты қобалжығанның әсерінен ойдағыдай шықпағанын айтты. Сонымен қатар, Маликаның сөзіне қарағанда қатысушы конкурстанттар деңгейі өте жоғары.
XS
SM
MD
LG