Accessibility links

Мәскеу мен Уашингтонда Ирақ басшылары елде өрістеп кеткен күш қолданудан туындаған жағдайларды ақылдасуда.


Атап айтқанда Ирақ елбасы Ғази әл-Явари Ақ үйде АҚШ елбасы Бушпен кездеспекші. Елде күш қолданулардың өрістеп кеткендігіне бола 30-шы қаңтарға белгіленген сайлауларды кейінге қалдыру ирақтықтар қиналыстарын көбейтіп, көтерілісшілердің мерейін үстем етеді, деді әл-Явар мырза Америка теледидары арқылы сөйлеген сөзінде. Ал, өкімет басшысы Лиад Аллауи Мәскеуде Ресей елбасы Владимир Путинмен кездеспекші. Америка әскерилерінің сөзіне қарағанда Анбар аймағында үш америкалық теңіз жаяу әскер солдаты қаза болған. Самарра қаласында көтерілісшілер 20 километрлік мұнай құбырын жарған екен. Ол арқылы Бейжиден Бағдатқа мұнай жеткізілетін болған.
XS
SM
MD
LG