Accessibility links

Қаржы министрі: оралмандарға баспанаға бөлінген 855 милион теңге игерілмей қалды

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Биылғы жылға бөлінген қаржыны бірнеше бюджеттік әкімшілер толық көлемде орындамаған. Осы жылы бюджеттік қаржыларды жоспарланған деңгейден 30 пайызға дейінгі көлемде де игере алмағандар болған. Жоспарды төмен орындағандар ақпараттанадыру және байланыс жөніндегі және мемлекеттік материалдық қорлар жөніндегі агенттіктері. Бұл жөнінде сейсенбіде өткен үкімет сағатында Қаржы министрі Арман Дунаев айтты. Қаржы министрлігінің пікірінше, үлкен көлемдегі қаржының игерілмеуі бюджет тәртібінің сақталмауынан.

Биылғы жылы оралмандарға баспанаға бөлінген қаржы демография және көші –қон агенттігі тарапынан игерілмей қалыпты. Қаржы министрі Арман Дунаев көші-қон жөніндегі агенттігі тарапынан оралмандардың тұрғын үй алуына байланысты бағдарламаны іске асыру тетіктерінің дері кезінде жасалмаған. Жарты жылдай жұмыс істеген нормаға сәйкес оралмандар тұрғын үй сатып алу-сату жөніндегі нотариалды бекітілген келісім-шартты тапсыруы керек еді. Бірақ оны іске асыру мүмкін болмады. Орламандардың сол сәтте азаматтық алмаған еді. Ал, нотриалды бекітілген сатып алу –сату келісім-шарты тек республика азаматтарына беріледі. Сөйтіп, үлкен әлеуметтік маңызы бар мәселені шешуге бағытталған 855 миллион теңге қаржы игерілмей қалды, деді қаржы министрі. Үкімет басшысы Даниал Ахметов басқа да игерілмей қалған қаржыларды атады. Бірақ баспанаға зәру оралмандардың баспананы толық ала алмай қалғанын ең үлкен қателікке теңеді. Мемлекет оралмандарға тиісті әлеуметік көмек көрсетеді деген үміттері белгілі бір жағдайда күмәнде қалатын болады. Бұл кешіруге жатпайды деді. Даниал Ахметов демография және көші –қон агенттігінің аталған мәселе тікелей әлеуметтік міндеті болғанын және айтарлықтай қаржы бөлінгенін, алайда, бұл агенттік бөілнген қаржыны игерудің орынына әлдебір саяси аспектімен айналысып, оралмандарға қажет әлеуметтік бағдарлама шешімін таппады деді. Үкімет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне алдағы жылы бұл жағдайға жол бермеуін тапсырды.Өйткені, бұрынғы демография және көші-қон агенттігінің көші–қон комитеті болып еңбек және әлеуметтік министрлігі құрамына берілгені белгілі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құзырындағы Көші-қон комитетінің төрағасы қызметіне кіріскеніне бір айдың шамасы болған Жазбек Әбдиев бөлінген қаржының игерулімеу себебін былай түсіндіреді: Көп оралмандар келем деген келісімді беріп, құжаттарын жинап, өткізіп, бірақ өздері тұрып жатқан шет елге барып келеміз деп кетіп қалып, қайтадан келмегендері бар. Бұл бір себебі, сосын көбісі құжаттарын жинап басқа облысқа кетіп қалды ма деген жағы, сонымен бірге ұйымдастыру жұмысының өте нашарлығынан. Жергілікті басқармалардың баяндауынша осындай себептер деді. Жазбек Әбдиев аталған мәселе аладағы жылы қайталанбайды деген үмітте. Сондай-ақ ол 2005-2006-2007 жылдарға 15 мыңнан оралман келеді деп жоспарлап отырмыз. Квотаны өткіздік Президенттің Жарлығымен қол қою үшін дейді. Көші қон комитеті төрағасының айтуынша, әр отбасы мүшесіне 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржы беріледі. Тарихи отанына оралған, «Ата жұрт» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, филология ғылымдарының кандидаты Дүкен Мәсімханұлы Қазақстанда жүргізіліп отырған көші-қон сасяатына қатысты мынадай пікір білдіреді: Мысалы, Қытайдан көшіп келем деушіні мен барлық жағдайын мойыныма алам деп жеке өз шақыруыммен алып келгеннен кейін осында жылап-еңіреп жүріп квотаға кірсе кіреді, кірмесе сол күйінше қалып қояды. Осындай деңгейде ғана жүріп жатыр. Бұның өзі «Көші-қон туралы» Заңының да Елбасаның көші-қон саясатының да дұрыс атқарылып жатпағандығының бірден-бір көрінісі.
XS
SM
MD
LG