Accessibility links

В.Путин: Ирақ жағымен екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелерін, оның ішінде Ирақтың энергетика саласындағы Ресейдің мүддесі тақырыбын талқылағым келеді.


МӘСКЕУ: Уақытша премьер-министр Айад Аллауи бастаған Ирақ делегациясы Мәскеуге келіп, бүгін Ресей президенті В.Путинмен кездеседі деп күтілуде. Кеше В.Путин Ирақ жағымен екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелерін, оның ішінде Ирақтың энергетика саласындағы Ресейдің мүддесі тақырыбын талқылағысы келетінін атап көрсетті. АҚШ бастаған халықаралық күштердің өткен 2003 жылдың наурызында Ираққа басып кіргенге дейін бұл елдің мұнай саласында Ресей инвестициясы мен инфрақұрылымы болатын. Кеше Вашингтонда Ирақтың уақытша президенті Гази Әл-Йавир мен президент Дж.Буш Ирақтағы қантөгістің толастамауына қарамастан, 30 қаңтарға белгіленген сайлауды мерзімінде өткізуге мүдделі екендерін тағы да растады.
XS
SM
MD
LG