Accessibility links

Дж.Буш лаңкестердің шабуылына тойтарыс берген Саудияның әрекетіне дән риза.


ДЖИДДА: “Әл-Қаида” тобының Сауд Арабиясындағы қанаты Джидда қаласындағы АҚШ консулдығында 12 адамның қазасына себеп болған кешегі шабуылды өз мойнына алды. Экстремистердің бұл мәлімдемесі Интернет желісінен шықты. Мәлімдеменің түпнұсқа екенін Саудия үкіметі әлі растаған жоқ. Саудияның ішкі істер министрлігі өкілінің хабарлауынша, қарулы содырлар консулдықтың қақпасын қопарғышпен жарып, күшейтілген күзеттің қарсылық көрсетуіне қарамастан, оның ауласына бұзып кіріп, жан-жағына оқ жаудырған. Олардың кім екені әзірше белгісіз. Вашингтонда АҚШ президенті Дж.Буш тосын шабуылға тойтарыс берген Саудия күштерінің әрекетіне ризалығын білдіріп, шабуылға наразы болды.
XS
SM
MD
LG