Accessibility links

Тито Сыздықов: Екінші шақырылымда болған парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаттары жұмыссыз


Желтоқсанның 8-і күні парламент Мәжілісінің депутаты Тито Сыздықов бұрынғы әріптестерінің жағдайына маңыз аударуға шақырды.

Депутат Тито Сыздықов жүмысыз жүрген бұрынғы депутаттар арасында экономика ғылымдары докторы атағы бар азаматтар бар, олардың парламентке қызмет сұранып жүргеніне де бір ай уақыт болды дейді. Ал, депутат Серік Әбдірахманов көтерліп отырған мәселе Мәжіліс органының намысына тиетін жағдай деп біледі. Кешегі депутат болған әріптестеріміз өте білімді тәжірибелі жандар, кейбір министрлердің де деңгейін білеміз. Ел арасында сөз бар. Кейбір қызмет орындары саудаға да түсіп жатқан көрінеді дейді. Тито Сыздықов бұрынғы депутаттардың пәтер мәселесінің шешілмегенін айтады. Сондай-ақ ол бұрынғы депутаттардың оппозицияға кеткенін қаламайды. Себебі оларды халық сайлаған адамдар. Оппозиция жаман емес, бірақ дегенменен... дейді. Парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты Рамазан Сарпеков қызметке орналаспай жатқанына өкпелемейді. Оппозицияға кету жөнінде ешқандай ой мүлдем жоқ деп отыр. Ал, тағы бір бұрынғы депутат Серікбай Әлібаев болса үкіметке жұмыс сұрап барған жоқпын, бармаймын да дейді. Себебі үкімет саласында жұмыс істеп отырған адамдар аз, бір жағынан оларға жұмыс істетпейді. Өйткені, бәрі байланысты, бәрі айтқанды ғана істеп үйренген дейді. Ал, мәжіліс депутаты Ерасыл Әбілқасымов бұрынғы депутаттардың көбісі жұмыссыз дегеннің бәрі өтірік дейді. Көбісіне 20-25 мың теңге жұмыс алып отыр. Алпысбековтың өзі 200 мың теңгеге жуық жұмысқа ілініп отыр дейді. Ал, Парламент Мәжілісіндегі Үкіметтің өкілі, бұрынғы Мәжіліс депутаты Қуаныш Алпысбеков көп депутаттың жұмысқа орналаспауының түрлі себебі бар дейді. Кейбір бұрынғы депутаттардың ұсынылған қызметтерге көңілдері толмайды. 17 бұрынғы депутат жұмысқа орналасты. 15 бұрынғы депутаттың жасы еңбек жасынан асып кеткен. Зейнеткерлікке жасы келген оларға жұмыс қарастырылып жатқан жоқ үкімет тарапынан. 10 бұрынғы депутат өздері жұмыс қарастырып жатыр. Олар Үкіметтен, Президент әкімшілігінен жұмыс сұраған жоқ деп отыр. Қуаныш Алпысбеков аталған мәселені басшылар алдына қойып отырмын дейді. Ал,Мәжіліс депутаты Ерасыл Әбілқасымовтың өз атына айтқан сөзіне байланысты Қуаныш Алпысбеков: - Депутат Әбілқасымовтың айтып отырғаны белгілі. Ол бұрынғы депутаттарға жаны ашып айтып отырған жоқ. Жаны ашыса келіп, сұрап білер еді.

Мәжіліске жаңа сайланған депутаттар «Есіл» қонақ үйінде тұрып жатқандарын және жаңа пәтер болатынын айтады. Ал, бұрынғы мәжіліс депутаттары жаңа жылға дейін тұратын қызметтік үйлерінің мәселесі қалай шешілеріне алаңдаулы.
XS
SM
MD
LG