Accessibility links

Соғыс кезіндегі әйел-қыздар көрген азап адам құқықтары ұйымы назарында


Адам құқықтары ұйымы Amnesty International жариялаған жаңа баяндамаға қарағанда, әлемде болып жатқан қарулы қақтығыс, соғыс шайқастарында әйел-қыздар көптеп зорлық-зомбылыққа ұшырайды, азап шегеді екен.

Ондай қорлық, зорлық әрекеттері Африка, Оңтүстік Америкадан бастап Ираққа дейін, Шешенстаннан бастап Ауғанстанға дейінгі елдерде жиі кездеседі. Соғыстың аты соғыс. Соғыс әрекеттері кезінде ондай қияметтен зардап шеккендер аз болмасы хақ. Бірақ ондай қиямет-қайымда әсіресе әйел-қыздардың тартатын азабы аз емес, әрине. Бұл жөнінде, халықаралық адам құқықтары ұйымы Амнести Интернашнал жариялаған жаңа хабарда қандай ресми деректер бар екен ? Алысқа бармай-ақ, бұрыңғы советтік аймақ – Ресей федерациясының бір республикасы Шешенстандағы соңғы он жылдағы соғыс шайқастарында жергілікті азаматтар көрген қырғын, қорлық-зорлықты алайып көрелік Сол соғыс кезінде Солтүстік Қапқаздағы екі бірдей шайқаста он мыңдаған адам қаза тапты. Қырғыннан қашқан, баспанасыз қалған шешендер көршілес елдер Ингушетия, Дағыстан және басқа аймақтарға босып кетті. Міне сондай қырғында әйел-қыздардың өз өмір жолдастарының, перзенттерінің көз алдарында өлтірілуін, азапталуын көру қандай азап десеңші. Ал қираған үйлерде тұрып жарақат алған отбасы мүшелеріне, балаларына қарап, оларды өлімнен аман алып қалудың ауыртпалығы өз алдынаөлкен бір мәселе. Өз елінің тәуелсіздігі, шет елдік басқыншылардан бостандығы үшін, өз өмір жолдастары, әкелері, аға-інілерімен бір сапта күресіп келе жатқан оларды, тіптен өздерін өлімге қиса да, Ресейлік ресмилер, БАҚ, әдетте, ең болмаса жауынгер деудің орнына, терроршы, жауыз, жендеттер деп суреттейді. Дегенмен, шешен әйел қыздарының ресейлік күштер тарапынан зорлық-қорлыққа ұшырап, көп жағдайда барынша азапталып өлімге ұшырайтындығын Амнести интернамнал ұйымы дәйекті деректер негізінде әшкерелеп отыр. Мысалы, мына бір шешен келіншегі Амнести ұйымына орыс солдаттарынан көрген азап пен қорлығын былайша суреттейді.

-Олар мені кереуетке лақтырып салып, қолдарымды кісендеп тастады. Қол-аяқтарым ісіп кеткен еді. Мені қайда акелдіңдер, мен қайдамын, десем, олар аузыңды жап, сен енді бейдерек жоғалған адамсың. Сен енді бұл әлемде жоқсың. Сен үшін жарық дүние жоқ, деп зекиді. Осылайша қанша күн жатқанымды білмеймін, - дейді ол әйел бала. Amnesty International ұйымы Бөлінген өмірлер деген келесі бір баяндамасында Коломбия, Судан, Непал және Таяу шығыстағы соғыс шайқастары кезінде қорлық-зорлық, азаптаудың ашшы дәмін татып келе жатқан әйел-қыздардың аса аянышты ақуалы жөнінде көптеген деректер келтіреді. Бұл жөнінде Амнести интернашнал ұйымының бас хатшысы Ирена Хан былай дейді. - Қазіргі соғыс шайқастарының ең негізгі құрбандары алдымен әйел-қыздар болып отыр. Оларды жай ғана өлтіре салмайды. Алдымен зорлайды, азаптайды, аюандықпен қорлайды, соңы өліммен аяқталады. Соғыс кезінде әйел-қыздарды зорлау нағыз террорға айналып, сондай қорлау жолымен бүкіл бір қауым, жамиғаттың ар-намысын таптап, жермен жексен ету басқыншылықтың негізгі мақсаты болып отыр,- дейді адам құқықтары халықаралық ұйымының бас хатшысы. Адам құқықтарын қорғауды мақсат еткен бұл ұйым Әйел-қыздар азаптан құтылсын деген ұранмен 2004 жылдың наурызында зорлық-зомбылықпен күресетін екі сатылы бағдарлама түзген. Алдымен ұйым соғыс және жанжалды аймақтарда жасайтын миллиондаған әйел-қыздардың өмірін зерттейді. Нәтижесінде жүздеген, мыңдаған ресми дерек, құжаттар жинаған. Мысалы, Африкадағы Уганда, Сьера Леона елдерінде жас қыздар 12 жастан бастап-ақ әскер немесе нәпсіқұмарлық құлдары ретінде пайдаланар екен.. Ал Суданда араб басқыншылары жергілікті әйел-қыздарды зорлауды басқыншылықтың бір үрдісіне айналдырып жіберген. АҚШ бастаған Ирақтағы соғыстан қатардағы азаматтардың өзінен 14 600 жүздей адам құрбан болған.

Өмір жолдастары соғыс шайқастарында қаза тапқан әйелдер күн көріс амалы ретінде жезөкшеліктен басқа жол таба алмай отыр. Ал оның кесірінен бүкіл әлемде СПИД және өзге де аса қауіпті аурулар уақыт өткен сайын асқынып көбейе түсуде. Соғыс қырғынынан қашып босқындыққа ұшарағандардың 80 пайызы әйел-қыздар көрінеді. Тіптен соғыс тоқтады, делінетін Ауғанстанның өзінде әйел-қыздар әліге дейін өмірдің азабын алдымен тартар екен. Ауғанстандағы Адам құқықтарының тәуелсіз комиссиясынан Шахида Бармалдың айтуынша, мұқтаж әйел қыздарға көмектесу жолында бір қатар шаралар қолға алынған. Amnesty International ұйымының пікірінше, бүкіл әлем бойынша соғыс шайқастары кесірінен аса бейшара ақуалға түскен әйел-қыздардың құқығын қорғау жолында атқарылған жұмыс өте мардымсыз екен. Сондықтан Амнести интернашнал ұйымы үкіметтерді әйел азаматттарының құқығын қорғауда белсенді іс-әрекеттер жасауға шақырып отыр.
XS
SM
MD
LG