Accessibility links

Желтоқсан оқиғасында жапа шеккендерді қорғайтын заң қажет

  • Әселім ҚАЛКЕНҚЫЗЫ

Желтоқсан оқиғасында жапа шекендердің мәртебесі ешбір заңда айқындалмаған. 1986 жылы орын алған желтоқсан оқиғасына алдағы 2006 жылы жиырма жыл толады. Осыған байланысты желтоқсан оқиғасында жапа шеккендерді қорғайтын заң шығару керек. Тек моральдық зиян шеккені үшін бір-ақ рет берілетін өтемақы төлеу мәселесінің өзі бүгінде тоқтап тұр- дейді мәжіліс депутаты Мұхтар Шаханов.

-Бүгінде желтоқсаншыларға бір-ақ рет берілетін өтемақы мәселесі тоқтап тұр.Соттар арасында оларға төленетін ақшаны бөлісуге ұсыныс жасайтындар да бар. Оны желтоқсаншылардың маған келгендері айтқан еді. Желтоқсан қайраткерлерін әлеуметтік қорғау керек дейді депутат Шаханов. Желтоқсан оқиғасы кезәнде аранйы шақырылған әскери құпия топ аяусыздан қыз-жігіттерімізге озбырлық жасады.Олардың көргенін ұмытпауымыз керек. Денсаулық сақтау мен Еңбек және халықты әлуеметтік қорғау министрілктеріі желтоқсанышлардың мәселесіне қарайласқаны жөн.Оларды қорғайтын заң қажет. Алдағы екі жылдан соң бұл оқиғаның орын алғанына жиырма жыл толады. Осыған орай кино түсіру керек. 1986 жылы орын алған желтоқсан оқиғасына қатысқан, қазір Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сәбиләнов, желтоқсаншылар ешкімнен атақ-даңқ сұрап отырған жоқ, оларды заңмен қорғау қажет деп әріптесі Мұхтар Шахановты қолдайтынын айтты. Мен желтоқсаны оқиғасына қатықан адаммын.Ұлттық қауіпсіздік комиеті адамдарының озбырлығын көрдік. Оны ұмыту мүмкін емес. Мен депутат Шахановтың заң шығару туралы ұсынысын қолдаймын. Желтоқсаншылар атақ-даңқ, ақша сұрап отырған жоқ. Оларға мемлекттік қолдау қажет. Мәжіліс депутат Серік Әбдрахмановтың бұл тұрғыдағы пікіріне тоқталсақ: -Мүмкін қажет шығар. Жапа шеккендердің денсаулығына қарайласу керек шығар. Желтоқсан қайртакерлерін әлемутетік қорғайтын арнайы заң шығармай-ақ, бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізе отырып оларды қорғауға болады дейді мәжілістің заңдар және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитет мүшесі, депутат Амангелді Таспиықов. Менің пікірімше кейбір заңдарға толықтырулар енгізе отырып, осы мәселені шешуге болады. Отан соғысына қатысқан ардагерледі, ауған соғысына қатықандарды әлеуметтік қорғау бар.Ортақ заң бар. Әлеуметтік қорғау туралы заңға желтоқсаншылардың мәселесін егізіп, неше адам қатысқан,нақты кімдерге әлеуметтік қолдау қажет осы мәселерді анықтап алған жөн. Депутат Мұхтар Шахановтың айтуынша желтоқсан оқиғасына қатысып, сотты болып,кейін ақталған 103 желтоқсаншының бүгінге дейін 50-і ғана өтемақы алған.
XS
SM
MD
LG