Accessibility links

«Қазақстан фермері» ұлттық қауымдастығы және Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі: Жер кодексіне сәйкес өздеріне тиесілі жер үлестерін қосалқы жалға берген азаматтар бұл келісім-шарттарын 2005 жылдың 1 қаңтарына дейін бұзбаса шартты жер үлестерінен айырылып қалуы әбден мүмкін


Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 170-бабына сәйкес өздеріне тиесілі жер үлестерін қосалқы жалға берген азаматтар бұл келісім-шарттарын 2005 жылдың 1 қаңтарына дейін бұзулары керек. Олай болмаған жағдайда олар шартты жер үлестерінен /пайларынан/ айырылып қалуы әбден мүмкін. Заңның осы нормасының күшіне енуіне бір айдан аз уақыт қалды. Ал, ауыл халқы арасында әлі күнге дейін жер үлестерін иелену құжаттарының қажеттілігі мен маңыздылығы түсінбеушілік туғызып отыр.

Желтоқсанның 9-ы күні «Қазақстан фермері » ұлттық қауымдастығының және жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік өкілдері осылай деп мәлімдеді. Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі жер үлесі бар шаруалар жер кодексіне байланысты барлық заң кеңесін тегін алуы үшін желтоқсанның 10-ынан 12-іне дейін 88000807777 телефонына хабараласа алады. Бұндай қолдау көрсетіп отырған Еуропдағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы. Үш күн бойы заңгерлер мен кәсіби мамандар жер қатынастары жайындағы барлық сұрақтарға жауап береді дейді «Қазақстан фермері» Ұлттық қауымдастығының президенті Тұрарбек Құдайбергенов. Оның айтуынша, осы жылдың жартысында Қазақстанда 23 мың шаруа қожалығы пайда болған. Азаматтар 2005 жылдың бірінше қаңтарына дейін жерсіз қалмаудың амалын жасауда. Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Қамалбек Райымбековтың айтуынша, осы жылғы бірінші желтоқсанға дейін республика бойынша 49 мың гектар ауылшаруашылығы жері жекеменшікке берілген. Олардың жалпы сомасы 1 миллиард 34 миллион теңгені құрап отыр. Оның ішінде 2557 жер телімі жалпы аумағы 32 мың 300 гектар жер Қазақстан азаматтарына сатылған. Сомасы 803 миллион теңгені құрайды. Сондай-ақ 101 жер учаскесі жалпы аумағы 16,6 мың гектар жер Қазақстан Республикасының мемелекеттік емес заңды тұлғаларына сатылып отыр дейді. Қамалбек Райымбековтың айтуынша, жер кодексі бойынша ауыл шаруашылық жерлері толық бағасымен және жеңілдетілген бағамен сатылады. Қамалбек Райымбеков жер үлесіне байланысты шағым-арыздардың көп түсіп жатқанын айтады. Жамбыл облысы облысының Қордай ауданындағы «Талапты» жауапкершілігі шектелген серіктесгінің төрағасы Ержан Сатылғанов жер кодексінің баптарын жер үлесі бар адамдар әлі байыптай алмай отыр дейді. Ал, «Қазақстан фермерелері ұлттық федерациясының» бас директоры Раушан Айшаоразова жер иелері дер кезінде қозғалмай енді кірісті деп отыр. Мәжіліс депутаты Михайл Трошихиннің айтуныша, парламентте жер кодексіне өзгерестер енгізу туралы депутаттар басатама жасауда. Жобада жер үлесі бойынша қосалқы жалға беру келісім-шарт мерзімін бұзудың уақытын ұзарту қаралған. Бірақ бұл қосалқы жалға беру мерзімін ұзарту емес дейді депутат.
XS
SM
MD
LG