Accessibility links

Украинадағы саяси дағдарыс АҚШ пен Ресей арасындағы байланысқа әсер ете ме ?

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

Сарапшылардың пікіріне қарағанда, Украинадағы дағдарысқа байланысты Ресей мен АҚШтың арасындағы өзара әріптестік қарым-қатныасқа сына түзуі мүмкін екен. Бірақ президент Буш, әліде болса, 2001 жылы маусымда Ресей президентімен алғаш рет кездескелі бері Владимир Путинды өз досым деген сөзден тайған емес. Бірақ вашингтондық тілші-талдаушыларымыз Талли мен Бранстеннің пікірінше, алдағы кезде АҚШ-Ресей байланысында бір шама өзгеріс орын алуы ықтимал

Украинадағы соңғы айдағы саяси дағдарысқа орай ресейлік ресмилер АҚШ қа бір қатар кінә тағып, Украинадағы саяси теке-тіресте АҚШтың қолы бар деген айыптаманы айтып келді. Ол шын мәнінде шындыққа сәйкес келді деуге бола ма ? Рас, өткен аптада Үндістанда болғанда президент Путин, халықаралық мәселеде өз диктаторлық билігін енді Украинада да өткізбекші деп АҚШты сынағандығы шындық. Ал сейсенбі күні Мәскеуде Ирақтың өтпелі кезеңдегі бас министрі Аллауимен кездескенде Путин АҚШтың сыртқы саясаттағы нысандарының бір, Ирақта алдағы айда болатын сайлауға байланысты да өз кері көзқарасын білдіріп қойды.

- Шын ойымды айтсам, шет елдік басқыншылардың қол астында отырған елде қалай ғана еркін, әділ сайлау өтуі мүмкін? деген болатын президент Путин Ирақ үкімет басымен кездескеннен соң.

Сондай-ақ сейсенбі күні Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров та Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымының соңғы бас қосуында Батыс бұл ұйымды бұрыңғы советтік аймақтағы билік саясаты үшін пайдалануда деп, тікелей атамаса да, Украина дағдарысын көзде тұтқан болатын. Бірақ АҚШ мемлекеттік хатшысы Колин Пауел Лавровтың ол сынына орай Софияда бірден, Украинадағы сайлау дағдарысы Ресей мен АҚШтың арасындағы бақталас деп қарамау керек декен қарсы пікір айтты. Пауелдің пікірінше, Украинадағы ол жағдайды халықтың ел жетекшісін өздері таңдау деп түсіну керек екен. Дегенмен қос бас дипломаттың ол ойларының өзі-ақ екі ел арасындағы байланыстың күрделене бастағандығын көрсетсе керек. Сонымен Ресей, АҚШ пен Батыс Украина жане пост-советтік аймақтағы елдердің ішкі ісіне араласуда, десе, өз кезегінде, АҚШ пен Батыс, Ресей Украинадағы демократияға қайшы сайлауды жақтайды, деп кіналайды. Бұл мәселеге орай мәскеулік талдаушы-сарапшылардың пікірі қалай екен ? Мәскеудегі Карнеги зертеу орталығынан Дмитри Тренин былай дейді. -Президент Путин Украинадағы жағдай АҚШтың бұл елдегі режимді жою мақсатында алдын ала кіріскен әрекетінің нәтижесі. АҚШ ол режинің орнына батыстық, американдық басқару жүйесін орнатып, Украинаны Ресей және бұрыңғы одақтағы өзге де республикадан алсытатуды мақсат етіп, Ресеймен шегаралас жерде өз базаларын орнатпақ, - дейді Путинның пікіріне сүйеніп талдаушы Тренин. Әрине Трениннің бұл пікірімен толық келісуге бола да қоймас. Бірақ оның пікірінше, Украинадағы бұл дағдарыс АҚШ-Ресей қарым-қатынасына бәрібір өзінің кері әсерін тигізер екен. -Совет одағы құлағалы бері алғаш рет мен Қырғый қабақ соғысы жәй ғана сөз емес ал шындыққа айналуы мүмкін құбылыс екендігін түсінгендей болдым. Украинада болып жатқан саяси жағдай, және Ресей-Американ қарым-қатынастарындағы аса маңызды өзгерістер міне осыны көрсетіп отыр. Бірақ мұның мән мағынасын Вашингтонда әзірше жеткілікті деңгейде түсініп отырған жоқтай, - дейді сарапшы Тренин. Ал мұндай пікірді қолдаушы сарапшы, талдаушы маманда баршылық па? Жеткілікті, мысалы, Мәскеудегі АҚШ-Канада зерттеу институтынан Виктор Кременюк зерттеуші Трениннің пікіріне қосылып былай дейді. - Біз әзірше Қырғый қабақ соғысы моделіне көше қойған жоқпыз. Бірақ ондай қауіп те жоқ емес. Ал ол өте үлкен қауіп десе болады. Егер АҚШ пен Ресей басшылары жедел алды алмаса онда Қырғый қабақ соғысы басталып та кетуі ғажап емес, - дейді Виктор Кременюк. Ал енді АҚШ алдында, Украина және бұрыңғы советтік аймақтағы демократиялық реформаларды қолдай отырып, Уашингтон Мәскеудің де көнгілінен шыға алар мекен, деген сұрақ туындайды. Дегенмен әзірше Буш әкімшілігі Ресеймен оншалақты алып бара жатқан мәселе жоқ деп есептейді. Софияда Ресей және АҚШ бас дипломаттары Лавров пен Пауел айтқан ескертелерден кейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Ерели былай деген болатын. -Екі ел арасында көптеген жағымды байланыстық өзгерістер бар. Бірақ әдеттегідей өзгешеліктер де жоқ емес. Оны ЕҚ және Ынтымыатастығы ұйымы деңгейіндегі халықаралық байланыстарда және екі жақтама қарым-қатынастардан байқаса болады. Хатшы Коллин Пауел соңғы айларда Ресейге екі рет сапар шекті, бірақ қандай мәселелер көтерілгендігін көпшілік біле бермейді ғой, - дейді Адам Ерели -

Сондай-ақ, Вашингтондағы Като зерттеу орталығынан Тед Карпинтердің тілшімізге айтуынша, Буш әкімшілігі Путинмен жақсы байланыста бола беруін қалайды, себебі Ресей бір қатар мәселеде, мысалы, лаңкестікпен күресте АҚШқа көмек бере алады. Оның үстіне, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі даусымен және Солтүстік Корей, Ирандағы ядролық қарулардың таралуын тоқтату шараларында да Ресейдің рөлі ерекше. Әрине бұл орайда өзгеше пікір айтатындар да бар болар? Ол рас, Джордж Уашингтон университетінен сартқы саясат бойынша профессор Голджаейердің айтуынша, бұрыңғы советтік одақтағы демократия, адам құқықтары жөніндегі көрқарасатары арқылы АҚШ Ресейді назардан тыс қалдыра алмайды. - Егер біз Ресейсіз Украинадағы жағдайды айтатын болсақ, бұл Қырғый қабақ соғысы деген сөз емес. АҚШ ұтады, ал Ресей жеңіледі дегенге де келмейді. Қазір Украинаға осындай бір мүмкіндік туып отыр. Ал Салқын соғысқа қатысты сөз, бөліну жөніндегі сөз тіркесі Путиннен шығып отыр, - дейді американдық профессор.

Профессор Голджайердің пікірінше. Ресей бір қатар мәселеде АҚШпен өзара әріптестік міндетін дұрыс атқарып келе жатқан жоқ екен. Сондықтан екі жақтама байланыстарды қайта қарау қажет болады, дейді профессор.
XS
SM
MD
LG