Accessibility links

Зарқын Тайшыбай: Жердің саудаға салынбауы туралы 87 жыл бұрын Алаш зиялылары айтып өткен


1917 жылғы желтоқсанның 13-інде Алашорда Үкіметі құрылып, оның төрағалығына Әлихан Бөкейханов сайланды. Сайлау балама негізде өтті. Осы тарихи уақиғаның қазіргі Қазақстан Тәуелсіздігіне қатысы қандай ? Оның мән маңызы жөнінде тарихшылар мен зерттеушілердің пікірі әрқилы.

Еуразия университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Данагүл Махаттың айтуынша, 1917 жылы шілдеде Алаш партиясын құру мәселесңі көтерілсе, желтоқсанның 13-індегі Жалпы қазақ 2-ші сезінің күн тәртібінде Алаш автономиясын құру жайы сөз болды. Филология ғылымдарының докторы Дихан Қамзабек сол кездегі қазақ зиялыларының идеясы алыс болашақты көксегендігін айтады. Оның ең үлкен жетістігі жалпықазақтың басы қосылмай іс өнбейтіндігін жеткізе білді»,-дейді.

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің этномәдени ғылыми зерттеу орталығының жетекшісі Зарқын Тайшыбай Кеңес Одағы тұсында «Алаш орда» тарихын зерттеуге тыйым салынып бірнеше ұрпақтың ұмытып кетіп, бағаламай жатқандығына қынжылады. Қазақстан Тәуелсіздігінң тұғырлы бағдарламасы сол кезде жасалған»,-дейді Зарқын Тайшыбай. Еуразия университетінің доценті ,тарих ғылымдарының кандидаты Данагүл Махаттың айтуынша, екінші съезге қатысқан қазақ зиялылары басты мәселе ретінде әзірге Ресей құрамындағы автономиялы ел болып, бертін келе біржола тәуелсіздік алудың жолдарын қарастырғанды.Алайда, барлығы дерлік 1937 жылға дейін түрлі қуғын-сүргінге ұшырап кетті.

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің этномәдени ғылыми орталығының жетекшісі Зарқын Тайшыбай сол съездің күн тәртібінде қаралған жер, тіл, мектеп және әйелдердің еркіндігі мәселелерінің әлі күнге өзектілігін жоймағандығын айтады. «Әсіресе, жердің саудаға салынбауы тиіс екендігін бір ғасырдай уақыт бұрын Алашорда зиялылары айтты,-дейді Зарқын Тайшыбай. Филология ғылымдарының докторы Дихан Қамзабек қазіргі заман талабы деңгейінен қарағанда жалпықазақтың 2-ші съезінің бір ғана кемшін тұсы ол ел арасында сайлау өткізіп барып съезге өкілдер жібергенде, қазіргі түрлі ауқымдағы демократиялық үрдістердің бастапқы үлгісі ретінде тарихи тұрғыда қарастыруға болатын нағыз реформалық іс қимылға жататын еді,- дейді.
XS
SM
MD
LG