Accessibility links

АҚШ Қазақстандағы елшісі Джон Ордвей Астанада интернетке тегін кіру мүмкіншілігін беретін және компьютерлік бағдарламалар бойынша сабақ жүргізетін орталық ашты


АҚШ мпемлекеттік департаменті соңғы 8 жылда әлем бойынша 60 астам орталық ашқан. Оның 16 Қазақстанда орналасқан. Астанадағы интернетке тегін кіру мүмкіншілігін беретін және компьютерлік бағдарламалар бойынша сабақ жүргізетін орталық 90 адамға ескерілген. Қазір, бұл орталықта компьютерлер қосылғандағы ашылу әуендері мен клавиатура тырсылы жиі естіледі.

Қазақстандағы интернетке тегін кіру мүмкіншілігін беретін бағдарламаның үйлестірушісі Радуга Кулмасованың айтуынша, Астанадағы орталықтың кеш ашылуының себептері бар:

- Астанада бөлмелерді жалға алу өте қымбат және табу қиын. Ал серіктеріміз оны өзі төлейді, әрі коммуналды төлемдерді жүргізеді.

Астанадағы осындай қиыншылықтардан кейін бағдарлама үйлестірушісі қаладан мақсаттарымыз ортақ серіктерді таптық, дейді. Аталмыш орталыққа ғимаратпен демеушілік көрсеткен жастарға білім беру қорының директоры Тимур Бекбергеновтың айтуынша, бұл қарым-қатынас Астана жастарына вебпарақшаларды әрлеу саласында тегін білім алуға және интернет желісі арқылы шексіз ақпарат алуға мүмкіншілік береді.

Астанадағы интернет орталығын АҚШ мемлекеттік департаменті қаржыландырса, Қазақстанның білім және ғылым министрлігінің өкілі Данияр Қадыровтың айтуынша, осыған ұқсас орталықтарды Қазақстан үкіметі де ашып жатыр:

- Республика бойынша 26 әлеуметтік көмек көрсететін орталық бар. Ол жалғыз ғана интернет емес, интернетпен қалай жұмыс жасау қажеттігін үйрететін сабақтар.

Жалпы, интернет қырғи-қабақ соғыстың соңғы кезеңінде шекараларды ашық ету үшін, осылайша қоғамды демократияландыру үшін құрылған болатын, дейді компьютер мамандары. Ол кезде, интернет Батыстың тоталитарлық қоғамдарға қарсы бағытталған идеологиялық қаруы болатын. Қазір, бұл көзқарас өзгерістерге ұшыраған, дейтіндерде бар. АҚШ Қазақстандағы елшісі Джон Ордвей Астанада ашылған интернет орталығының мақсатын айтып берді: «Бүгінгі таңда, белгілі бір елдің барлық әлемге жабық болуы мүмкін емес. Осы қатынасты кеңейту үшін, ел барлық әлем қауымдастығына ашық болу үшін, осындай орталықтарды ашу қажеттігі бар», - деді АҚШ Қазақстандағы елшісі Джон Ордвей.

Интернетте демократияның басты құндылықтары бар, ол жан жақты пікірлер мен белгілі бір проблемаға қатысты алуан түрлі көзқарастар, дейді кейбір сарапшылар. Демократиялық қоғам құру үшін, көп ақпарат және олардың талдауы қажет. Интернетте бұл екеуі де бар. Электронды коммуникация оның қатысушыларының тең құқылығын оңай жүзеге асырады, дейді саясаттанушы Әзімбай Ғали:

- Ақпарат бүгінгі таңда, тек қана демократияғана ғана емес, ашық құқықтық қоғамға, либералдық құндылықтарға да септігін тигізеді. Ақпарат алмасады. Мысалы мен Қазақстандағы өзгерістерді интернеттен білдім. «Навигатормен» «Казинформды» қарадым, түрлі көзқарастар болды, рахат!

Кейбір сарапшылар керісінше, интернет демократияға қауіпті, деген пікірде. Ұрықсаты жоқ вебпарақшаларда жарылғыш заттарды жасау әдістері, жалаңаш балалардың суреттері сияқты қауіпті ақпарат жарияланады, дейді олар. Бастысы, ірі қылмыстық топтар өз әрекеттерін интернет арқылы реттеп отыруға мүмкіншілік алған. Ал, саясаттанушы Әзімбай Ғалидің айтуынша, интернеттің жағымсыз жақтарының болатыны орынды құбылыс:

- Жаманшылықты іздеймін дейтін адам оны қай жерден болса да тауып алады. Мысалы асханадығы пышақ, онымен нан турауға да болады, біреуді бауыздауға да болады. Әр технологиялық жаңалықтан жаман жағын тауып алуға болады.

Интернеттің тиімділігн Қазақстан билігі электронды үкімет құрамыз деген кезде жиі айтқан болатын. Бұл орайда, Балтық елдерінің бірі мысалға келтірілді. Әрине, көптеген елдерде электронды үкімет іс жүзінде емес көбінесе қағаз жүзінде қалыптасқан, ал Эстонияда демократия интернет арқылы жүзеге асады, дейді сарапшылар. Ал, Қазақстанда бұл жүйе әлі енгізілу үстінде.
XS
SM
MD
LG