Accessibility links

Алматыға Ұлыбританиялық «Барбикан» триосы келді


Алматыға желтоқсанның 13-і күні Ұлыбританияның белгілі классикалық музыканың шеберлері «Барбикан» триосы келді. 1994-ші жылы Карнеги Холда тұсаукесерін өткізген трио, Ресейде, Өзбекстанда, Қиыр Шығыс пен Оңтүстік Америкада, сондай- ақ Италия мен Испанияда өз өнерлерімен классикалық музыканы сүйер қауымның көңілінен шығып келеді. Алматыда концерттік бағдарламаға қоса трио мүшелері, мемлекеттік консерваторияда жас студенттерге камералық музыкадан және маманданудан шеберлік кластарын өткізеді.

1994-ші жылы Корнеги Холда құрамында 3 бөйжеткені бар « Барбикан » триосының тұсаукесері өтті. Содан бері қыздар ауысып қазір құрамында скрипкашы Гейби Лестер, виолончельист Роберт Макс және фортепианода Джеймс Кирби сынды 3 адам бар. Бұгінде бұл трио Ұлыбританияның камералық музыкасының жетекші ансамбльдерінің бірі. Осы күндері «Барбикан » триосы Алматыға келіп, осы жердегі камералық мызыканы сүйер қауымға өз өнерлерін таныстырмақ.

Трио Алматыда тұңғыш рет дегенмен, Джеймс Кирби осыдан 17 жыл бұрын Қазақстанға келгендігін айтуда. Оның сөзіне қарағанда бүгінгі Қазақстанда өзгешелік өте көп.

- Менің ойымша адамдардың өмірі жақсарғанға ұқсайды. Байлық бар, мүмкіндіктерде пайда болыпты. Әр адам не істеймін десе жол ашық, ол әрина жақсы.

Келген музыканттар концерттер арасында Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының студенттеріне шеберлік кластарын өткізуде. Студенттермен алғаш кездесу бүгін таңертен болған болатын. Консерваторияның жас музыканттарымен кездескен Гейби Лестер , өз ретінде сол кездесуден алған әсерін төмендегідей жеткізді.

- Менің ойымша бүгінгі жастар өте тамаша балды. Өте талантты, жауакершілігі мол, жақсы музыканттар. Сол кездесуден кейін, мен сол жастардың музыкадан жоғары білім алып жатқандығына көзім жетіп қайтты дейді Гейби. Қазақстандағы классикалық музыка саласындағы жағдайдың жаман емес екендігі турасында, Жамбыл атындағы Қазақтың мемлекеттік филормониясының бас директоры Мұхтар Өтеуов та атап өткен болатын.

- Классикалық музыкадан осы Алматыда Кеңес үкіметінен бастап өте жақсы деңгейде келе жатыр деп айтамын. Өйтіп айтуыға толық құқым бар. Өйткені осын мемлекеттік акадамиялық симфониялық оркестрі бар, мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі, хор капелласы бар содан кейін Ғазиза Жұбанова атындағы квартетіміз бар.Осының өзі Қазақстандық классикалық музыкасының дамуының жоғары екендігін көрсетеді. Дегенмен, Мұхатр Өтеуов, бүгінде қалталы азаматтар Қазақстандық өнер иелерін шет елге танытудың орнына, көп жерде шет елдіктерді Қазақстанға әкеле береді деген пікірін де айтты.

- Ол жағынан енді біздің еліміздің эканомикасы, сосын жаңағы кейбір демеушілердің әліде болса мәдениеті төмендеу деп ойлауға болады. Дегенмен, мүлдем жоқ деуге де болмайды. Осы жақын арада ғана біздің мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрдің 40 адамы және батыс қазақстанның филармониясымен барлығы 69 адам болып Үнді еліне барып қайттық. Сонымен классикалық музыканы сүйер қауының құлағына алтын сырға, Ұлыбританиялық «Барбикан» триосы желтоқсанның 13-і күні жеке концертін береді. Сонымен қатар желтоқсанның 17-і күні Қазақтың мемлекеттік симфониялық оркестірімен біріккен екінші концерт ұймдастырады.
XS
SM
MD
LG