Accessibility links

Кеше Ирақтың Әл-Анбар өлкесінде АҚШ-тың 7 әскери теңізшісі, бүгін Бағдадта 7 Ирақ азаматы құрбан болды


Бағдадтың орталығында негізінен шетелдік елшіліктер мен Ирақ үкіметі шоғырланған “жасыл аймақ” деп аталатын аумақтың кіре берісінде бомба орнатылған автокөлік жарылып, одан кем дегенде 7 Ирақ азаматы мерт болды. АҚШ авиациясы көтерілісшілердің Әл-Фаллуджа қаласындағы шептеріне әуеден соққы берді. Кеше Ирақтың Әл-Анбар өлкесінде АҚШ-тың 7 әскери теңізшісі құрбан болды. Оның жай-жапсары хабарланбай отыр. Бүгін Ирақтың бұрынғы диктаторы С.Хусеиннің қолға түскеніне 1 жыл болды. АҚШ армиясының өкілдері түрмеде өз үзеңгілестерінің ашаршылық жариялауына оның да қосылғанын түбегейлі жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG