Accessibility links

Румыниядағы президент сайлауында оппозицияның үміткері, Бухарест әкімі жеңіске жеткен сияқты


Румыниядағы президент сайлауының кеше болып өткен екінші турында оппозицияның үміткері, Бухарест әкімі Траян Басеску жеңіске жеткен тәрізді. Берілген дауыстардың 92 пайызын есептеп үлгерген Сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, сайлаушылардың 52 пайызға жуығы Т.Басескуді қолдап дауыс берген болса, оның басты бәсекелесі – бұрынғы коммунистік, қазіргі социал-демократиялық партияның үміткері, премьер-министр Адриян Настасе 48 пайыздан сәл көп дауыс алған. Румынияны 2007 жылы ЕуроОдаққа бастап кіруге тиісті жаңа президенттің алдында қараша айында өткен парламент сайлауынан кейін жаңа үкіметті жасақтау ауырға соғатын болады.
XS
SM
MD
LG