Accessibility links

В.Ющенко: "Мені улау – билікте отырғандардың ісі, оған менің еш күмәнім жоқ”


Украина президенттігіне оппозициядан түсетін үміткер В.Ющенко тақап қалған президент сайлауының кезекті туры өткенше өзінің улануы жайын қайта тергеуді қаламайды. Кеше күн батқанда Венадан Киевке оралған бетте ол өзінің улануы жайына байланысты Бас прокуратураның қылмыстық істі қайта қозғауына ризалығын білдірді. Әйтсе де В.Ющенко Бас прокуратура аталмыш істі тергеуін премьер-министр В.Януковичпен бірге дауысқа түсетін 26 желтоқсандағы сайлауға дейін кідірте тұрады деп үміттенеді. Өзінің бет-жүзін адам танымастай өзгертіп бұзған умен улауға ресми биліктің қатысы барлығына В.Ющенко “еш күмән келтірмейді”: "Бұл улау – билікте отырғандардың ісі, оған менің еш күмәнім жоқ. Енді оны тергейтін уақыт келді. Ол істің көп сыры мәлім. Менің ойымша, Бас прокуратураның іс-әрекеті Украина заңдарына сәйкес атқарылса, еліміз бен бүкіл әлем оны кімнің істегенін білетін болады”.
XS
SM
MD
LG