Accessibility links

Румынияның жексенбі күнгі елбасылық сайлауларында оппозиция басшысы жеңіске жетті


Орталық сайлау комиссиясы жариялаған қорытындыларға қарағанда, оппозиция басшысы Трайан Басеску 51,23 пайыз дауысқа ие болса, ал өкімет басшысы Адриан Настас 48,77 пайыз көрсеткішке қол жеткізген. Басеску мырза: “Сыртқы саясатымыздағы біздің басты мақсатымыз- 2007-ші жылдың 1-ші қаңтарында Еуропа одағына мүшелікке өту”-, деді. Оның басқаруындағы одақ басқа да шағын партиялармен бірлесе отырып, Парламенттегі көпшілікті құрамақшы.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG