Accessibility links

Әзімбай Ғали: Бірыңғай экономикалық кеңістік құрушы төрт ел де ортақ тілектен ұлттық мүдделерін жоғары қояды


Желтоқсанның 15-інде Минскіде Бірыңғай экономикалық кеңістік құру жөніндегі Жоғары деңгейдегі комиссияның отырысы өткізілмек. Қайсыбір сарапшылар аталған ұйымның келешегіне күмәнмен қарайды. Мысалы,Украина басшылығына Виктор Ющенко келсе, Бірыңғай экономикалық кеңістіктің және Тәуелсіз мемлекеттер достастығы сияқты құрылымдардың болашағы күмәнді деушілер бар. Парламент Сенатының экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитет төрағасы Мүсірәлі Өтебаев Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы төрт мемлекеттің де өз тараптарынан қажетті құжаттарды, заңдық актілерді уақытында ресімдеп, жүйелі жұмыс жасап келе жатқандығын, оған Украинаға кім Президент болып сайланса да әсері бола қоймайтындығын айтады. Саясаттанушы Әзімбай Ғали Бірыңғай экономикалық кеңістіктегі төрт мемлекет те өз ұлттық мүддесі тұрғысынан алыс кете қоймайды.

Соған сәйкес, экономикалық ықпалдастықтағы орнын сақтап қалуға тырысады деген ойда. Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысының үйлестіру кеңесінің мүшесі Серікбай Әлібаев:» соңғы кездері Ресейдің БАҚ мен Қазақстанның үкіметтік басылымдары Виктор Юшенконы құбыжық етіп көрсетуге үйір. Алайда, ол Президент болып сайланған жағдайда БЭК-ке өте қатты ықпал ете қоймайды»,-дейді.

Саясатшы Әзімбай Ғалидің айтуынша, алдағы уақытта БЭК үш сценарийдің бірін таңдап алады.Оның 1-шісі болашағы зор, 2-шісі болашағы бүгінгі деңгейден көтерілмейді, 3-шісі болашағы жоқ»,-дейді.

Парламент Сенатының экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитет төрағасы Мүсірәлі Өтебаевтың айтуынша, желтоқсанның 15-інде Минскіде Бірыңғай экономикалық кеңістік құруға қатысушы төрт елдің өкілдері биылғы жаз айында Астанада өткізілген Жоғары деңгейдегі комиссиясының отырысында қаралған экономиканы мемлекеттік реттеу, кедендік және салық жүйесіндегі жеңілдіктер, заңдарды халықаралық талаптарға сәйкестендіру жайларын тиянақтайтын болады.
XS
SM
MD
LG