Accessibility links

Алматыда Орталық Азиядағы терроризм мәселесіне арналған дөңгелек стөл өтті

  • Досан БАЙМОЛДА

Желтоқсанның 14 і күні Алматыда Британиялық Соғыс және Бейбітшілік Институтының ұйымдастыруымен «Орталық Азиядағы терроризм: можахедтер кімдер» деген тақырыпта дөңгелек стөл жиыны болып өтті. Бұған Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген сарапшы мамандар, мемелекеттік құрылым қызметкерлері,саясаткерлер және дипломатиялық елшіліктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Бас қосу жиында Орталық азия мемлекеттерінің лаңкестікке қарсы күрес қызметтері туралы баяндалды. Аймақта жиілеп кеткен жаңа лаңкестік ошақтарының төркіні қайда? Оның шығу себеп салдары туралы не айтуға болады? Осы сұрақтар төңірегенде сарапшылар пікір таластырды.

Саясаттанушы Ерлан Қариннің пікірінше жалпысы мәселені осылай, яғни можахедтер кімдер, олар қайда? деген тұрғыдан қоюға болмайды. Бұл қоғам ішінде үлкен ой туғызады, адамдардың үрейге баруына жол береді. Ең бастысы қайсыбір терроршыны немесе бүлікшіні іздеп бас ауыртудың орнына осы терроризмнің неден шығып отыруын жақсылап зерттеп, соның түп тамырымен күресу керек дейді. Көпшілік сарапшылар егерде Орталық Азия аймағында қандай бір тұрақсыз жағдай орнайтын болса онда бұл ең алдымен Өзбекстан тарапынан болады дегенді айтып отыр. Тек биылғы көктемде және жаз айында Ташкентте орын алған террорлық жарылыстардан 50 шақты адамның шәйіт болғанын ескерер болсақ бұл Өзбекстан үшін және барлық орталық азия елдері үшін терроризмнің белең алып бара жатқандығын білдірмекші.

Ал соңғы жарылыстарды Ислам Каримов билігіне өшескен Өзбекстанның ислам қозғалысы емес тіптен ел ауызында көп айтылатын «Хизбут-Тахрир» де емес «Жамаат моджахед» деген жаңа ұйым жасағандығы белгілі болып отыр. Бұл ұйымның мүшелері тек Өзбекстанда ғана емес сондай ақ онымен көршілес Қазақстанда бар екендігі белгілі болып отыр. Бүгінгі күні Орталық Азия мемлекеттері терроризмге қарсы күресті күш қолдану арқылы жүргізгісі келеді алайда күшке қарсы күш шығатынын ұмытпаған жөн дейді Өзбекстандық әлеуметтанушы Бахадыр Мусаев.

Оның айтуынша Орталық Азия елдері терроризмге қарсы күресті бірлескен түрде , ең алдымен оның шығу себептерін зерттей отырып жүргізулері керек.
XS
SM
MD
LG