Accessibility links

Жоғарғы Рада депутаты В.Сивкович: “В.Ющенконың улануы бойынша істі соңына дейін жеткізу керек”


Украина президенттігіне үміткер В.Ющенконың улануы бойынша істі соңына дейін жеткізу керек. Украина парламенті – Жоғарғы Раданың арнаулы тергеу комиссиясының жетекшісі, депутат Владимир Сивкович осылай деп мәлімдейді. Сейсенбі күні аталмыш комиссия қылмыстық істі қайта қозғаған Украинаның Бас прокуратурасы мен В.Ющенконы диоксин уымен уландырғаны еш күмән туғызбайды деп 11 желтоқсанда мәлімдеген Аустриядағы “Рудольфинерхаус” емханасына сауал жолдау туралы шешім қабылдады. Комиссияның келесі мәжілісін қажетті құжаттар келіп түскен соң, 26 желтоқсанға тағайындалған президент сайлауынан кейін өткізу жоспарланып отыр.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG