Accessibility links

Махмуд Аббас: “...қару көтеру – палестиндіктердің өздеріне қырғын әкелді, сондықтан да ол доғарылуы керек”


Палестинаны азат ету ұйымының жаңа басшысы Махмукд Аббастың Израильге қарсы қарулы көтерілісті доғаруға шақыруын Америка Құрама Штаттары қолдайды. Ақ үйдің ресми өкілі Скотт Мак-Клиннанның атап көрсетуінше, қарулы көтерілісті доғару мен Палестинаның қауіпсіздік күштерін біріктіру - өміршең Палестина мемлекетін қалыптастыруға қажетті мекемелерді жасақтау үшін шешуші мәселе болып табылады. Я.Арафаттың қайтыс болуына байланысты Палестинаны азат ету ұйымының басшылығына отырған Махмуд Аббас Лондонда шығатын “Аш-Шарқ әл-Аусат” атты араб газетіне берген сұхбатында: “қару көтеру - палестиндіктердің өзіне қырғын әкелді, ендеше ол доғарылуы керек”, -деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG