Accessibility links

Ұлттық жиналысқа депутат сайлауына уақытша премьер-министр Айад Аллауи бүгін күрдтер мен дінсіздердің және өзгелердің тізімдерін ұсынбақшы


Бүгін – Ирақта саяси партиялар мен партиялық бірлестіктердің 30 қаңтарда өтетін жаппай сайлауға үміткерлерінің тізімдерін тіркеуге ұсынатын ақырғы күні. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, Ирақтың сайлау комиссиясы әзірше 79 партия мен бірлестіктің үміткерлер тізімдерін ұсынғанын мәлімдеп отыр. Олар сүнни мұсылмандарының бірлестігі - Ирақтың ислам одағы және Ирақ халқының басым көпшілігін құрайтын шийт мұсылмандарының коалициялары. Конституцияны қабылдап, жаңа үкіметті жасақтайтын 275 орынды парламент – Ұлттық жиналысқа депутат сайлауына уақытша премьер-министр Айад Аллауи бүгін күрдтер мен дінсіздердің және өзгелердің тізімдерін ұсынады деп күтілуде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG