Accessibility links

Грекия астанасы Афинада екі қарулы бір аутобусты 26 жолаушысымен кепілдік тұтқынға алып, өздерінің әуежайға жеткізілуін талап етті


Ол екеудің мақсаты Грекиядан сырт аймаққа шығып кету екен. Бүгін таң ертең ол аутобусты полиция қоршауға алды. Аутобустан оқ даусы естілген. Аутобус жүргізушісі мен билет тексеруші және бір жолаушы ертерек арекет етіп түсіп қалған. Олар полицияға қарулы екеу албандар десе, өзге мәліметтерге қарағанда, ол қылмыскерелер орыстар болуы мүмкін екен. Аутобусты кепілдік тұтқынға алған екеумен келіссөз жүргізуге мәмілегер топ келген. Сондай-ақ, қарулы екеудің ұлтын анықтау үшін көмекке Албания жане Реселік дипломаттар да шақырылған. Афинадан соңғы сәтте алынған мәліметке қарағанда, қарулы екеу арасында 3 әйел бар 3 тұтқынды босатып жіберген.
XS
SM
MD
LG