Accessibility links

Х.аш-Шалан: “Ирақтағы шабуылдарды ұйымдастырумен Сирия және Иран айналысады”


АҚШ президенті Дж.Буш Иран мен Сирияны Ирақтың ішкі істеріне араласты деп айыптаған Ирақ өкілдеріне ілесіп, аталған екі елге ескерту жасады. Президент Дж.Буш Вашингтондағы бұл ескертуін – Ирақтың уақытша қорғаныс министрі Хазим Аш-Шаланның Ирақтағы террористік қастандықтарды Иран мен Сирия ұйымдастырып жатыр деп айыптауынан кейін жасады. Аш-Шалан Иранды Ирақтың хас жауы деп атады: "Біз терроризмнің кілті Иранда екенін анықтадық. Бұл ел, менің бұрын да айтқанымдай, Ирақтың бірінші жауы болып табылады”. Теһран мен Дамаскі өздерінің Ирақтағы терроризмге шатысы барлығын түбегейлі жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG