Accessibility links

Тәуелсіздік күні қандай мереке? Бұл туралы саясаткерлер не айтады?

  • Досан БАЙМОЛДА

Қазақстан жұртшылығы тәуелсіздік мейрамын тойлап жатқан осы тұста осы тәуелсіздік туралы қазақстандық саясаткерлер не айтады екен, тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткізілген кейбір жетістіктер мен қиыншылықтар жөнінде қандай пікірде екендігін білмек болып бірқатар саясаткерлермен хабарласқан едік. Қазақстанның «Ақ Жол» демократиялық партиясының саяси кеңесінің төрағасы Әлихан Бәйменовтың айтуынша тәуелсіздіктің баянды болуы бүгінгі ұрпақ алдындағы үлкен жауапкершілік болмақ. Сондықтан да биліктегілер болсын қарапайым азамат болсын осы тәуелсіздікті қолдан шығарып алмауды үнемі есте сақтау керек.

Ал саясаткер, Қазақстанның тәуелсіз бақылаушылар жүйесінің бастығы Дос Көшімнің пікірінше бұл күнді тәуелсіздік күні деуден гөрі желтоқсан құрбандарын еске алу күні десе болғандай. Өйткені 1986 шы жылдың желтоқсанның 16 сы күні кешінде қазақ жастарының үлкен күреске шыққан күні, алайда биліктегілер бұл күнді ұмыттыру үшін әдейі тәуелсіздік күні деп жариялап отыр. Оның айтуынша осы тәуелсізідіктің 13 жылында орасан бір ауыз толтырып айтарлықтай жетістік жоқтың қасы. Алі күнге дейін мемлекеттік деңгейде идеология жоқ соның кесірінен қазақ ұлтының тілі мәдениеті қорғалмай отыр.

Отан партиясының саяси кеңесінің мүшесі Болатқан Тайжанның айтуынша Қазақстан әлі өз өзін толық тәуелсіз мемелекетпін деп айта қоюға келіңкіремейді.

Өиткені барлық салада Ресейге қарай жалтақтау басым, соның әсерінен Қазақстанда қазақ тілінен гөрі орыс тілінің мысы басым, парламент, үкімет орысша сөйлеп отырғанда не айтуға болады дейді ол. 1991 жылы желтоқсанның 16 сы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады дегенді алғаш жалпақ жұртқа хабарлаған сол кездегі Жоғарғы кеңестің төрағасы, қәзіргі Қазақстанныв коммунистік партиясының жетекшісі Серікболсын Әбділдіиннің айтуынша осы жылдары Қазақстан үшін экономиканы дамыту, қоғамды демократияландыру ісінде үлкен мүмкіндіктер болғанына қарамастан оны дұрыс пайдалана алған жоқ.

Ал қоғам қайраткері Балташ Тұрсынбаевтың пікірінше ешбір оқ шығармай қол жеткізген осы тәуелсіздіктің қадыр қасиетін көп адамдар жеткілікті түсінбейтін сияқты. 13 жыл бір мүшел жыл өтседе әлі істелетін шаруа шаш етектен дейді ол.
XS
SM
MD
LG