Accessibility links

БҰҰ мен Құрама Штаттары өзара шайқалып бара жатқан қарым-қатынастарын дұрыстауға күш салуда

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан Уашингтонға бейсенбі күні Құрама Штаттарының қазіргі және болашақ Мемлекет хатшыларымен кездесу үшін келген болатын. Конгрестегі кейбір республикашылар Аннан мырзаның қызметтен кетуін талап еткен болатын. Буш әкімшілігі болса БҰҰ-ның Ирақтағы сайлауларға белсенді қатыспай отырғандығын алға тартуда. Сондай-ақ әкімшілік өкілдері Атом энергиялық агенттігінің басшысы Мұхамед ЕлБарадейдің келесі кезекте қызметінде қалуына қарсылық танытуда.

БҰҰ-ның бас хатышсы Кофи Аннан желтоқсанның 16-сы күні Уашингтонға сапармен келген болатын. Шетелдермен байланыс кеңесі алдында сөйлеген сөзінде ұйым мен АҚШ байланыстары жөнінде сөз қозғауда. Мемлекеттік хатшы Колин Пауел және оның ізбасары Кондолеза Райспен кездесу барысында Ирақ сайлаулары, Ауғанстандағы, Судандағы және Гайтидегі мәселелер сөз болмақшы. Осы сапарға шығар алдында Аннан мырза Ирақтың Ербил және Басра қалаларына БҰҰ сарапшыларын көбірек жіберетіндіктерін мәлімдеген болатын. АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Джон Данфорс мырза Аннанмен кездесуден кейін бұл қадамды қызу қуаттады.

“Менің ойымша БҰҰ-ы Ирақ сайлауларының мәнділігін, ол сайлауларға БҰҰ-ы қолдауының аса маңыздылығын түсінді және ол қолдаулардың негізгі буын екендігін сезінеді”-, деді Данфорс мырза.

Қауіпсіздік шараларына орай БҰҰ-ның Ирақтағы күштерінің шектеулі ғана болуы ресми Уашингтонды ызаландырып отырғаны белгілі. АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасындағы кейбір республикашылар тарапынан Аннаның қызметінен кетуі талап етілген болатын. Ирақтың “мұнай орынына азық-түлік” бағдарламасына орай Аннан төңірегінде пайда болған жанжал алға тартылған еді. Буш әкімшілігі бұл мәселеден өздерін аулақ ұстауға тырысқандарымен, алайда “Саддам Хусейн бұл бағдарламаны кері мақсаттарда пайдаланды” деген шағымды тәуелсіз бұлақтардың тексеруіне шақырған болатын. Сондай-ақ, осы аптада ресми Уашингтон Мұхамед ЕлБарадей мырзаның Халықаралық Атом Энергиялық агенттік басшысы ретінде үшінші кезекке қалуына нақты қарсылықтарын білдірісті. Көпшілік мәлімдемесінде АҚШ ресми өкілдері бұл қызметте үш қайтара мерзімге қалуға шектеу қоятын келісімшарттан үзінді келтірісті. Бұл орайда АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысының бұрынғы көмекшісі және Рәнд корпорейшн атты халықаралық ұйымның қауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Джеймс Доббинс былай деген болатын: “Қазіргі кезде мұнда, менің болжауымша, осы мәселелерді алға қаншалықты жылжыту жөнінде әкімшілік ішінде нақты ішкі теке-тірестер бар. Менің шамалауымша, Кофи Аннанның қызметінен кетуін талап етуді Мемлекеттік департамент қоштай қоймайды”,-деді Доббинс.

Ираққа қарсы соғысты Кофи Аннан заңсыз, деп атаған болатын. Ресми Уашингтонның кейбір реніштері осыған да байланысты. Ал, осы соғыс қарсағында ЕлБарадей мырза “Ирақ өз ядролық бағдарламасын қайта қалпына келтіреді” дегенге мен ешқандай дәлел таба алмадым, деген болатын. Сондай-ақ соңғы қатты сындардың бірі Аннан мырзаның бас көмекшісі Лахдар Брахимиге байланысты айтылып отыр. Ирақтың өтпелі өкіметін құру ісінде Брахими мырзаның маңызды рөл атқарғаны белгілі. Араб форумында осы аптаның басында сөйлеген сөзінде Брахими мырза адам хұқықтарын аяққа таптағаны үшін Израйльге қажетті қысым көрсете алмауы себепті Құрама Штаттары палестиналықтар хұқының қорғалуына немқұрайды қарап отыр, деген болатын. Осыған жалғас түрде “бұл мәлімдеме БҰҰ ресми саясатын білдірмейді”, деп кейінірек Аннан мырза жариялаған еді.

Сарапшылардың пікірінше теке-тіреске барушы бұл екі жақ та Ирақтың өтпелі кезеңінде бір мәмілеге келісуі керек екен.
XS
SM
MD
LG