Accessibility links

Алматыда, Желтоқсан көтерілісін еске алған митинг өтті


Жұма күні Желтоқсан көтерілісіне 18 жыл болғанын еске алу үшін жиынға қатысушылар Алматының қысқы суығына қарамастан тәңертең ертемен Республика алаңындағы Тәуелсіздік ескерткіші алдына жиналды.

Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Мұхтар Шаханов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ақан Бижанов, «Желтоқсан рухы» атты қоғамдық ұйымның төрағасы, генерал Мұрат Құлматаев бастаған топ әуелі қазақ халқының тәуелсіздігі жолында күрескен батыр ұлдары мен қыздарының рухтарына бас иіп, ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойды. Бұдан соң шамасы 250-300 дей адамнан құралған топ, көбісі осы желтоқсан көтерлісіне қатысқандары үшін қудаланып, сотталып әрең деп бостандық алған азаматтар мен азаматшалар және олардың туыс туғандары сондай ақ түрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар осы алаңдағы желтоқсан қахармандарының ерлігі құрметіне ілінген ескерткіш тақтайша алдында митинг өткізді.

Митингіні кезінде осы желтоқсан көтерілісінің шығу себептерін зерттеу үшін құрылған арнайы комиссияны басқарған, депутат Мұхтар Шаханов ашып сөз сөйледі. Ол желтоқсан көтерілісіне деген көзқарастың енді енді қалыптасып келе жатқандығын айтты. Ол сондай ақ көтерілістің шығу себептері жөнінде сол уақыттағы қызыл империяның қазақ ұлтының намысын басып, оның тілін, әдет ғұрпын жоюға тырысқандығы үшін бұған күйініп шыдамаған қазақ жастарының бүкіл әлемді таң қалдырып осындай ерлік қадамға барғандығымен түсіндірді.

Сондай ақ ол өз сөзінде қәзіргі биліктің осы желтоқсан көтерілісінің шығу себептеріне жеткілікті көңіл бөлмей келе жатқандығын атады, яғни қазақ тілінің мәселесін көтеретін кез жетті деді ол. «Желтоқсан рухы» атты қоғамдық ұйымның төрағасы Мұрат Құлматаевтың айтуынша Желтоқсан оқиғасы деп айтуға болмайды бұл көтерілістің өзі, өйткені алаңда қазақ жастарының қаны төгілді, көз жастары көл болып ағылды. Ақыры бұл қызыл империяның құлауына үлкен түрткі болды. Екіншіден желтоқсан тарихта өзінің алатын үлкен орны бар көтеріліс ал үшіншіде желтоқсандықтарға өзіндік статус яғни мәртебе берілуі керек.

Қашанда осындай жиын митингілерге қосарланып өзінің «Аттан –Қазақстанын» айқайлап жүретін Амантай қажы да осы жолы он адамын ертіп алаңға жетіп келіпті. Олар алаңның бір бұрышында «Қазақстанда Мафия жойылсын», «Аттан-Қазақстан» деп айқайласып тұрды. Бұдан соң, «Желтоқсан рухы» қоғамдық ұйымы желтоқсан құрбандарына арнап ас берді.
XS
SM
MD
LG