Accessibility links

Қырғызстан президенті Асқар Ақаев алдағы жылы елдегі саяси ақуал нашарлауы мүмкін деп ескертті


Президент Ақаевтің жұма күні Қорғаныс кеңесінде айтқанындай ол кезде әсірешілдер күш көрсетуі мүмкін екен.

- Аймақтық лаңкестік әрекеттері қауіп төндіруде. İсламшыл Хизбут Тахрир партиясының тірліктері кісіні алаңдатады. Ондай лаңкестік әрекетінің бір мысалы, көршілес Өзбекстанда үстіміздегі жылы болған террорлық шабуылдар. Сондықтан кез келген партияның іс-әрекеті ата заң талабы шеңберінде болуы керек, - дейді президент Ақаев.

Бірақ оппозициядағы Еркіндік партиясы жетекшісі Топшыбек Турғуналиев бұл Асқар Ақаевтің оппозицияға жаққан күйесі деген.
XS
SM
MD
LG