Accessibility links

Еуропа Одағы мен Түркия кеше жұмада Түркияның ЕуроОдаққа мүшелігі жөніндегі келіссөздерді бастау туралы тарихи келісімге қол жеткізді


ЕуроОдақ ол келіссөздерге келесі жылы қазан айының 3інде отырмақ. Еуропа комиссиясының президенті Барросоның айтқанындай, бұл шешім Еуропа мен Түркия үшін жаңа кезеңдік бастама болмақ.

-Мен шын ықыласпен айтқым келетін жағдай бүгінгі шешім Түркия үшін де, ЕуроОдақ үшін де қуанышты жаңалық. Бұл екі тарапқа да керек нәрсе. Даму үшін қажетті шешім. Бұл Түркиялықтардың еуропалық болашағы үшін қуанышты күн, - деді ЕуроКомиссия президенті.

Бұл келісімнің жүзеге асуында Түркияның Кипрдың ЕуроОдаққа кіруі үшін қолдау көрсететіндігі тікелей игі әсер етті. 1974 жылғы қақтығыс нәтижесінде Кипр аралы Грекия және Түркиенікі болып екіге бөлініп қалған болатын. Гректердің Кипрі өткен жылы ЕуроОдаққа қабылданды. ЕуроОдаққа мүшелік кезегінде Болғария, Румыния жане Хорватия тұр.
XS
SM
MD
LG