Accessibility links

Парсы шығанағы елдерінің кездесуіне Саудияның таққа мұрагер ханзадасы Абдулланың орнына қорғаныс министрі барады


Сауд Арабиясының хабарлауынша, патшалықтың іс жүзіндегі басшысы, таққа мұрагер ханзада Абдулла Парсы шығанағы елдері басшыларының бүгін Бахреинде басталатын бас қосуына бармайды. Манамадағы кездесуге ханзаданың бармау себебі жайында ешқандай ресми хабар жоқ. Бірақ оның қарсаңында Саудия басшылығы Бахреиннің АҚШ-пен арада еркін сауда-саттық туралы шартқа отыруын сынап, жекелеген екі жақты келісімдер Парсы шығанағы елдерінің өзара экономикалық ынтымақтасуына тосқауыл болуы ықтимал деп ескертті. Ресми хабарға сәйкес, Парсы шығанағы елдерінің кездесуіне Абдулланың орнына қорғаныс министрі бармақшы.
XS
SM
MD
LG