Accessibility links

МАГАТЭ директоры АҚШ үкіметінің әрекетін ол жеке басының бостандығы мен құқын бұзу және халықаралық ұйымның тәуелсіз жұмысына қол сұғу деп бағалайды


Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік – МАГАТЭ-нің бас директоры Мухаммад Әл-Баради өзінің телефон арқылы болған әңгімелерін АҚШ үкіметінің тыңдамақ болған барлық әрекетін - өзінің жеке өміріне қол сұғу деп санайды. “Вашингтон пост” газеті ресми АҚШ өкілдерінің М.Әл-Баради мен Иран өкілдерінің арасындағы телефон арқылы болған әңгімелерін таспаға жазып алғаны туралы репортажынан кейін арабтардың Әл-Арабия телекомпаниясына берген сұхбатында МАГАТЭ директоры осылай деп мәлімдеді. Егер бұл ақпар дәлелденетін болса, деп ескертті Әл-Баради, АҚШ үкіметінің әрекетін ол жеке басының бостандығы мен құқын бұзу және халықаралық ұйымның тәуелсіз жұмысына қол сұғу деп бағалайды.
XS
SM
MD
LG