Accessibility links

Р.Кольдероли (Италия): “Түркияны қабылдау мәселесі бойынша референдум өткізуді талап етемін”


Еуропа одағының келесі жылы Түркияны одаққа қабылдау мәселесі бойынша Анкарамен арадағы келіссөзді бастау туралы шешімімен ЕуроОдақ халқының барлығы қолдамайды. Италияның Милан қаласында бірнеше мың тұрғын Түркияның ЕуроОдаққа қабылдану мүмкіндігіне қарсы наразылық шеруіне шықты. Италияның реформалар министрі Роберто Кольдероли осы мәселе бойынша референдум өткізуді талап ететінін мәлімдеді. Одан бұрын ЕуроОдаққа төрағалық етуші Голландияның сыртқы істер министрі Бен Бот Франция мен Аустрияның ниетін сынға алды.
XS
SM
MD
LG