Accessibility links

Қазақстанда ювенальдық юстиция жобасы тәжірибе ретінде іске асырылуда

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

«Қазақстандағы ювенальдық юстиция» жобасы аясында 250 жасөспірімнің жартысына қатысты қылмыстық іс қозғаудан бас тартылды. Көптеген жасөспірімге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы желтоқсанның 20-ы күні Астанада аталған жоба бойынша өткен сарапшылар кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылды.

Қазақстанда аталған жобаның жұмыс істеп жатқаныны екі жылға таяды. Алматы облысының Қарасай ауданында және Алматы қаласының Әуезов аудандық сотында ювенальдық соттар тәжірибе ретінде жұмыс істеуде. Ювенальды юстиция жүйесіндегі жобаға құқық қорғаушылар, тергеушілер, прокуор, сот, психолог, әлеуметтік қызметкерлер, адвокаттар қатысады. Мамандардың айтуына қарағанда, ювенальдық юстиция жүйесі бойынша Орта Азия мемлекеттері арасында Қазақстан тәжірибе ретінде зерттеу жұмыстарын жасауда. Сондай-ақ бұл мәселе Ресейде қаралуда. Ал, Батыс Еуропа елдерінде бұл саладағы жұмыстар жүргізілуде екен.

Аталған жоба бойынша сарапшылар кеңесі отырысына қатысқан мамандар кәмелетке толмағандардың құқығын қылмыстық процесс барысында ғана емес барлық азаматтық қатынастар кезінде туындайтын жағдайларда да қамтамасыз ету қажет деген пікірде.

Ал, қылмыстық процес барысында кәмелетке толмағандардың құқығын қорғауды қаматамасыз етуде аталаған жоба жұмыс істеп жатқан екі жылға таяу уақытта жасөспірімдерге қатысты қозғалған қылмыстық істің аз ғана бөлігі сот қарауына жеткен. Алайда, сот талқысының барысында оларға түрмеде ұстаудың баламалы түрі кең қолданылды. Яғни, көп жасөспірім бостандықта қалды дейді жоба бойынша жұмысшы тобының мүшесі Светлана Витовская. Оның айтуынша, 10-15 жасөспірім ғана бас бостандығынан айыруға сотталған. Естеріңізге сала кетейік, бұл жоба Алматы облысы Қарасай ауданы мен Алматы қаласының Әуезов ауданы бойынша тәжірибе ретінде жүргізілуде.

Ал, Австрия федаральдық министрлігінің құқық бұзушылықтың алдын алу, статистика, талдау департаментінің өкілі Альбин Диаринг бұл жобаға баға беретіндей жақсы таныс емеспін, бірақ ең бастысы барлық құқық қорғау органдары және полиция жалпы қоғамдық демократиялық жүйеде ықпалдасу үшін өз қызметтерін демократиялық прнициптерге негіздеуі қажет деген пікір айтып отыр.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өкілі Александр Саванковтың айтуынша, министрлік жанындағы оңалттыру орталығына жыл сайын 14-15 мың шамасында кәмелетке толмаған жасөспірімдер түседі. Оларды тәрбиелеп, психологиялық көмек көрсету керек. Мұндай жағдайда оларға педагогтардың әлеуметтік қызметкерлердің, балалар дәрігерлерінің көмегі қажет дейді Александр Саванков.

Ал, Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Абылайхан Аккулев бұл орталықты мүмкін әділет министрлігі жүйесіне беру қажет, бәлкім басқа министрліктерге берген дұрыс, ойланатын жайт деп отыр.

Әділет министрлігінің өкілі Зайда Нұрабаева аталған жоба бойынша жасалып жатқан тәжірибені бүкіл Қазақстан аумағына таратқан дұрыс деген пікірде. Сондай-ақ ол,бала құқын қорғайтын өкілетті органның жоқтығы көп проблема тудырады деп есептейді.

Мамандардың айтуынша, Қазақстан заңдарында аса ауыр және ауыр қылмыс жасағанда жасөсіпірімдердің жауаптылығы 14 жастан, ал , жалпы қылмыстар бойынша 16 жастан басталады.
XS
SM
MD
LG