Accessibility links

Алматыда «Исламтану және араб филологиясы мәселелері» атты халықаралық жиын болып өтті

  • Досан БАЙМОЛДА

Дүйсенбі күні Алматыдағы «Нұр-Мұбарак» ислам мәдени университетінде Мысыр, Түркия және Қазақстандық ғалым мамандардың қатысуымен «Исламтану және араб филологиясы мәселері» тақырыбына арналған ғылми практикалық конференция болып өтті. Осы халықаралық конференцияның мақсаты жөнінде осы университеттің араб тілі кафедрасының меңгерушісі, доктор Махмуд Фуадтың айтуынша Орталық Азия және Қазақстанда араб зерттеулерін тереңдетіп жүргізу мәселесі негізгі мәселе болып отыр.

Мысыр мен Қазақстан арасындағы тарихи байланыс шамамен 1400 жылдық тарихы бар дейді ол. Араб тілінде жазылған дерек көздер қазақ халқының тарихына байланысты аса құнды деректер береді. Сондықтан да осы екі елді, халықты байланыстырып тұрған ортақ мәселерді зерттеу ісі бүгінгі күн тәртібінде дейді ол.

Қазіргі Қазақстандағы ислам мәселесіне келер болсақ, Қазақстан мұсылмандары ұстанып отырған жол ол орташа жол яғни экстремизм, шектен шығушылықтан алыс бір жолды ұстанып отыр яғни Қазақстан мұсылмандары исламның басты бір құндылықтары болып саналатын ілім-білімді тарату жолын ұстанып отыр дейді Мысырдан келген доктор Махмуд Фуад.

Нұр-Мубарак университетінің деканының орынбасары Мадияр Меңлібековтың айтуынша ислам өркениетінде Қазақ топырағынан шыққан ғұлама ғалымдар, әскери басшылар және тіл мамандарының қалдырған іздері көп болса ал араб мәдениеті яғни ислам мәдениетінің әсері көшпенді қазақ халқының тарихына кезінде өшпес ерекше із қалдырды.

Мысалы Мысыр тарихында орны ерекше тұлға Бейбарыс сұлтанның қазақ даласынан барғандығы белгілі. Ол туралы Мысырда төрт жарым мың бет өмірдерегі жазылыпты. Осыны қазақ тарихшылары зертесе қазақ халқына қатысты көптеген деректер тауып алар еді дейді ол. Ал Түркістандағы Хожа Ахмед Яссауи кесенесінде жазылған мәтіндерді зерттеп жүрген Түркиялық ғалым Метин Окардың айтуынша осы мәтіндерде араб жазулары мен араб сөздерінің көп ұшырасатындығын айтады.

Бүгінгі күні Алматыдағы Нұр-Мұбарак университетінде Мысырдан келген отызшақты профессор, оқытушылар жұмыс істейді. Университете 300 ден астам студенттер исламтану, араб тілі, араб әдебиеті мамандықтары бойынша оқиды.
XS
SM
MD
LG