Accessibility links

Украин Президенттік сайлауларына түскелі отырған екі үміткер – үкімет басы Виктор Янукович пен оппозиция жетекшісі Виктор Ющенко арасында бүгін кешкісін теледидардағы өзара пікір талас өтпек


Бұл екі арада, Украин Президентінің баспасөз қызметі президент Леонид Кучма жексенбі күні сайлау туралы заңға енгізілмек өзгерістерге заңды күш берді деп хабар таратты. Бұл өзгерістерді Украин Парламенті желтоқсанның 14-інде бекітіп қойған болатын. Қарашаның 21-інде болған сайлаудың ресми жеңімпазы боп болмашы артықшылықпен Янукович жарияланған болатын. Алайда, елдің Жоғарғы Соты дауыс беру барысында заң бұзушылықтардың тым көп болуы себепті ол сайлаулардың нәтижесін заңсыз деп жариялап, сайлауды алдағы жексенбі, желтоқсанның 26-сына белгіледі. Алдағы жексенбідегі Украин Президенттік сайлауларына шет елдер мен халықаралық ұйымдар атынан 8 мың 300ге тарта бақылаушы қадағалау жүргізетін болады.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG