Accessibility links

Ресейлік мұнай компаниясы ЮКОС-тың ең негізгі мүлкі есептелетін Юганскнефтегазға қатысты кеше Мәскеуде өткен аукционның жеңімпазы 14 күннің ішінде уәде етілген соманы төлемесе, Юганскнефтегаз мемлекет қарамағына өтуі мүмкін, - деп мәлімдеді Ресей Әділет министрлігі


Юганскнефтегазға қатысты аукционның жеңімпазы ретінде бұған дейін беймәлім болып келген Байкал Финанс Груп компаниясы жарияланып, бұл жағдай қаржы саласының талдаушыларын аң-таң етті. Юганскнефтегаз үшін 9 млрд. 350 млн. доллар төлеуге міндеттенген Байкалфинансгруптың ресми өкілдері аукцион нәтижелеріне байланысты қандай-да бір мәлімдеме жасаудан бас тартты. Бүгін Мәскеуде журналистерге берген сұхбатында Ресей Әділет министрі Александр Буксман Байкал Финанс Груп 14 күннің ішінде уәде етілген соманы төлемесе, онда аукционға депозит ретінде енгізген 1 млрд. 700 млн. доллар қаржысынан айрылады, ал Юганскнефтегаз мемлекет қарамағына өтуі мүмкін деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG