Accessibility links

А.Аллауи (Ирақ): “...негізінен сүнни мұсылмандарының партизандары Ирақта ұлт және діниаралық араздық шығаруды көздейді”


Ирақтың уақытша премьер-министрі Айад Аллауи елдегі көтерілісшілер 30 қаңтарға тағайындалған жаппай сайлаумен бірге, елде діниаралық жанжал туғызуды көздеп отыр деп ескертті. Кеше шийт мұсылмандарының киелі Ән-Наджаф және Кербала қалаларында автобомбалардың жарылысынан құрбан болған 67 кісіні жерлеуге мыңдаған діндесі келді. Айад Аллауидің атап көрсетуінше, негізінен сүнни мұсылмандарының партизандары елде ұлт және діниаралық араздық шығаруды көздейді. Уақытша премьер мәлімдегендей, қандай қантөгіс болмасын, оның әкімшілігі 30 қаңтардағы сайлауды өткізуден тайынбайды.
XS
SM
MD
LG