Accessibility links

Телеайтыс: В.Ющенко бақталасын сайлаудың екінші туры нәтижесін бұрмалады деп айыптаса, В.Янукович оны украин қоғамын жікке бөлді деп қаралады


Украинада президент сайлауының 26 желтоқсанда өтетін соңғы турында дауысқа түсетін екі үміткер В.Ющенко мен В.Янукович кеше өзара телеайтысқа түсті. Оппозиция лидері В.Ющенко бақталасын сайлаудың екінші туры нәтижесін бұрмалады деп айыптады: “біз бүгін бұл ел неліктен президентсіз отыр деп сұрайтын болсақ? Жауап: Сіз сайлау қорытындысын бұрмаладыңыз! 21 қарашада қандай проблема болды? Жауап: Сіз 3 млн. дауысты ұрладыңыз”. Бұрмаланған сайлау қорытындысын Украинаның Жоғарғы соты жарамсыз деп тапты. Ол сондай-ақ В.Януковичке ашық қолдау көрсеткен Ресейді Украинаның ішкі ісіне қол сұқты деп айыптады. В.Янукович, өз кезегінде, қарсыласын АҚШ пен өзге Батыс елдерінің қаржылық қолдауына сүйенді деп айыптады.
XS
SM
MD
LG