Accessibility links

Дж.Буш: “Жаппай сайлау Ирақты демократияға жетелейтін ұзақ процестің бастауы ғана”


АҚШ президенті Дж.Буш Ирақ армиясының әзірше елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайтынын мойындады. Сонымен бірге ол Ирақтағы қантөгістің толастамауына қарамастан, 30 қаңтарға белгіленген жаппай сайлаудың дер кезінде өтетінін растады. Дүйсенбі күні Ақ үйде сөйлеген сөзінде Дж.Буш: “Жаппай сайлау Ирақты демократияға жетелейтін ұзақ процестің бастауы ғана”, -деп атап көрсетті. Одан бұрын Ирақтың уақытша үкіметі кем дегенде 52 адамның қазасына себеп болған жексенбілік жарылысқа қатысы бар деген күдікпен 50 кісінің ұсталғанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG