Accessibility links

Қазақстан үкіметі Астана қаласындағы көлікті дамыту мәселелері жөніндегі 2005-2010 жылдарға арналған бағдарлама жобасын тұжырымдамалық тұрғыдан қолдады


Желтоқсанның 21-і күні Қазақстан үкіметі Астана қаласындағы көлікті дамыту мәселелері жөніндегі 2005-2010 жылдарға арналған бағдарлама жобасын тұжырымдамалық тұрғыдан қолдады. Үкімет басшысы Даниал Ахметов бағдарлама жобасы бойынша экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің тығыз жұмыс істеуін тапсырды. Астана қаласының әкімі Өмірзақ Шүкеевтің айтуынша, бағдарлама жобасы сараптамадан өткен. Оны халықаралық тендер бойынша BCEOM компаниясы ұтып алған.

Ал, бағдарламаны іске асыруға 42 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалмақ екен.

Астана қаласының әкімі Өмірзақ Шүкеев енді екі жылдан соң орталық биліктің негізгі органдары сол жағалауға көшеді. Сол кезде тәңертеңнен кешке дейінгі уақытта 5-6 мың адамды жұмысқа тасымалдау қажет болады. Қазіргі бар көліктік жүйе ондай салмақты көтере алмайды. Сондықтанда белді, арнайы халықаралық компаниялармен біз әртүрлі баламалы көлік түрлері бойынша салыстырмалы, талдау жұмыстарын жасадық. Бағдарламаның мақсаты қалада қалыптасып отырған көліктік проблемаларды шешу дейді. Өмірзақ Шүкеевтің айтуынша, метро жүйесі Астана жағдайында қымбат.

ВСЕОМ компаниясының жетекші сарапшысы Рудольфо Мартинез де метро Астана үшін аса қымбат және ол үлкен қалаларға тиімді, әзірге Астанаға ондай деңгейге дейін өсуі қажет деген пікір айтып отыр. Сондай-ақ ол баламалы көлік маңызды екенін айтады.

Біз сараптамалық бағалауымызда бұл не трамвай жүйесі немесе транслор болуы керек деп көрсеттік және мұның бәрі техникалық экономикалық негізбен бекітілуі керек дейді. Ал, транслор трамвайдың жаңа буыны, онда темір жолдың орнына, темір дөңгелек ол әдеттегі трамвайларға қарағанда дыбысы бәсең. Өз бағалауымыз бойынша трамвай немесе транслор жүйесінің үш жылдың ішінде енгізілуі туралы ұсыным жасадық дейді сарапшы Рудольфо Мартинез.

Дегенмен Үкімет басшысы Даниал Ахметов мұқият талдау жасайтын және маңызды ұсынымдар беретін тағы бірқатар сарапшыларды тарту қажет деген пікірде.

Ал, Қоршаған ортаны қорғау министрі Айткүл Самақова аталған бағдарлама жобасында автокөліктердің газ жанар-жағар майына көшу жағдайының көзделуін ұсынып отыр. Астана тұрғындары қалада көлік жолдарының көбейіп әрі кеңейіп және көлік түрлерінің көбейгенін қалайтындарын айтады.

Ал, такси жүргізуші Александр есімді азамат Астана өсіп жатыр, көлік көбеюде, ал, көшлер сол қалыпында бір екі даңғыл болмаса, оның үстіне биыл қар қалың түсіп, жүру одан сайын қиындады. Тазалап үлгермей жатыр. Қар түскенде вокзалға барып қайтуға 1,5 сағат уақыт кетті дейді.

Бірнеше күн бұрын қала көшелерінде көптеген жол жүру қиындықтарының болғанын Үкімет басшысы Даниал Ахметов те айтып отыр.
XS
SM
MD
LG